Каспийде Қазақстанның әскери кемелерінің шеруі өтті

1203 просмотров
0
Ратель
Пятница, 18 Авг 2023, 15:00

Шара соңы Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің 30 жылдық мерейтойына арналған мерекелік отшашумен аяқталды

Ақтау қаласында Қазақстан Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің 30 жылдығына орай кемелер мен есептоптардың салтанатты шеруі өтті. ҚазАқпарат бұл туралы Қорғаныс министрлігінің сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Читайте также
Мемлекет басшысы Индонезия Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Парадты Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары генерал-лейтенант Марат Құсайынов, Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев, Қарулы күштердің ардагерлері бақылады.

Салтанатты шеруге "Қазақстан", "Орал", "Сарыарқа", "Маңғыстау" зымыранды-артиллериялық кемелері, "Алатау" мина-тартқыш кемесі, "Табиғат" және "Жайық" гидрографиялық кемелері қатысты. Кейін жағалау бойымен сап түзеп өткен теңізшілер кемелер артиллериясы қаруларынан бірнеше дүркін оқ атты.

Шеру қаланың жағалау аймағында – құрлықта жалғасты. Әскери оркестрдің сүйемелдеуімен Ақтау гарнизонының әскери бөлімдерінің есептоптары салтанатты маршпен жүріп өтіп, мереке көркін қыздыра түсті.

Бұдан бөлек, шартты қарсыласты ұстау бойынша әскери-жаттығу барысынан эпизод көрсетілді.

Сондай-ақ дәстүр бойынша әскери қызметшілер маңғыстаулық жауынгерлерді еске алу шарасын өткізді. Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсіміне Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы ғарышкер авиация генерал-майоры Тоқтар Әубәкіров, контр-адмирал Ратмир Комратов, Қарулы күштердің ардагерлері қатысты.

Шара соңы Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің 30 жылдық мерейтойына арналған мерекелік отшашумен аяқталды.

Фото: gov.kz.

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
Виталий Колточник: Токаев и новая архитектура мира
Казахстан в Совете мира и логике Авраама
Максим Крамаренко: С помощью дипломатии БПЛА, Украина пытается «загнать» в стан своих союзников Казахстан
Комментарий руководителя ИАЦ «Институт евразийской политики»
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд