Блогердің осындай уәдесінен кейін қылмыстық іс қозғалды
Қашқадариядан шыққан Sardor Gangster деген лақап атымен танымал блогер Сардор САФАРБОЕВТЫҢ үстінен қорлау бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Бұл туралы Zamon бағдарламасында хабарланды.
Әлеуметтік желілерде блогердің "егер әйелім қыз босанса, оны қоқыс жәшігіне тастаймын" деп ашық айтқан бейнеролигі пайда болды.
"Менің қызым болмайды. Егер әйелім қыз күтіп, қыз туса, онда баланы қоқысқа тастаймын. Сол үшін тозаққа түссем де. Менде тек ұл болу керек", - деп жарияға салды ол.
Бұл видео қоғамда үлкен резонанс пен елдің ашуын тудырды, содан кейін блогер көпшілік алдында кешірім сұрады. "Ағайын-туыс, әпке-бауырлар, тізерлеп барлығыңыздан кешірім сұраймын, мені кешіріңіздер. Айтқан сөздерім үшін шын жүректен өкінемін", - деді Сафарбоев.
Ер адамға қатысты Өзбекстан қылмыстық кодексінің 140-бабының 2-бөлігі (қорлау) бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Бұдан бөлек, биыл 21 ақпанда Нишан аудандық сотының шешімімен бұл блогер әкімшілік кодекстің 183-бабы (ұсақ бұзақылық) және 184-3-бабы (ұлттық, нәсілдік, этникалық немесе діни өшпенділікті насихаттайтын материалдарды өндіру, сақтау немесе тарату) бойынша айыпты деп танылып, 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынған болатын.
Фото: видеодан кадр.
ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!