Grammy сыйлығының иегері Иманбек Зейкенов америкалық әнші Salem Ilese-мен бірігіп жазған жаңа композицияны көпшілікке таныстырды
Бұл туралы музыканттың өзі Instagram желісіндегі парақшасында ақпарат таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жаңа туындының атауы – "Married to your melody". Тректі бүкіл музыкалық алаңдардан тыңдауға болады. Жуықта ғана Иманбек АҚШ пен Еуропада жеке тур өткізетінін мәлімдеген болатын. Ол тур 8 сәуірде Нью-Йоркте басталып, 25 қыркүйекке дейін жалғасады.
Барлығы 24 концерт беру жоспарланып отыр. Тур барысында Иманбек Канада, Швеция, Норвегия, Италия, АҚШ, Германия және Латын Америкасы елдерінде концерт бермек.
Фото: inbusiness.kz.
ПОДПИСЫВАЙТЕСЬ НА НАШ КАНАЛ И ЧИТАЙТЕ НАС В TELEGRAM!