![](https://imagesratel.kz/cdn/innermain/i/2022/January/10/11cf39ed07809aea9f026693d0cb4b7520247da2.jpg)
Елдегі бүліктен кейін 5 қаңтарда Тоқаев өз жарлығымен үкіметті отставкаға жіберді. Премьер-министр міндетін Әлихан Смайылов атқарып жүр
Ертең, 11 қаңтарда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің жаңа құрамы бойынша ұсыныс енгізеді.
Бұл туралы ол ҰҚШҰ лидерлерінің онлайн саммитінде мәлімдеді.
"Ертең парламентке үкіметтің жаңа құрамы бойынша ұсыныстар енгіземін", - деді мемлекет басшысы.
Еске салсақ, елдегі бүліктен кейін 5 қаңтарда Тоқаев өз жарлығымен үкіметті отставкаға жіберді.
Премьер-министр міндетін Әлихан Смайылов атқарып жүр.
Фото: Sputnik / Абзал Калиев.