Осужденного экс-акима Павлодарской области в стихах восхваляют за патриотизм
Казнет бурно отреагировал на приговор в отношении бывшего акима Павлодарской области Ерлана АРЫНА. Пока одни рисовали демотиваторы, другие искренне радовались его освобождению, приговаривая, что «есть справедливость на свете». Самые ярые приверженцы экс-акима даже выдвинули свою теорию заговора. По их версии, Арына специально подставили из-за его популярности в народе, и теперь судимость помешает ему баллотироваться в президенты Казахстана на ближайших выборах. Но дальше всех пошел поэт Арман КАНИ (на снимке с Арыном), посвятив осужденному патриотичную поэму.
Кереку толғаулары
(Ерлан Мұхтарұлы Арынға)
1. Қағанаттан кейінгі тарих
Төсінен Ұлы Даланың кірпік қақпаған Балбалдан Баба дәуірдің сырын ақтарам. Тоғыз вал тарих толқынын кешкен біздің ел Кереге жарға жеткенде ғана тоқтаған! Ақырғы қаған елесі кезген өңір бұл Жоғалтып алтын тәжінің тасын, Таппаған... Әйтсе де, соның үш қырлы күміс жебесін Мойныма тұмар сияқты іліп сақтағам!.. Ұғынар ұрпақ егемендіктің қадырын Ер жеткенінше Ел-жұртқа оңай соқпаған! Соңыма бір сәт бұрылсам, Көрем сұмдықты: Қарашадағы қара жаңбыр мен ақ боран Көзімнен ұрып, Дүниені түнек қаптаған!.. Қызыл мен аққа бөлінген елдің серкесін Көкпардай алып қашады уақыт ақтабан! Абақтыдағы тар кезең Айбоз Алаштың Табанын мұзбен, Маңдайын отпен қақтаған!
Ошағы сынған қазаннан ырыс төгіліп, Итжеккен жақтың дәм-тұзын кімдер татпаған?!..
2. Ескерткіштер
Ескерткіштерді көргенде тыным жоқ маған, Мүсіннің сырын білуге үйір боп барам! Жетім ұл отыр аш құрсақ мүрде жанында, Аспанға қарап Анасын жылап жоқтаған! Жиегіндегі Ертістің жеті текше тас Төсіне қанды шежірелерді хаттаған. Қос қабырға тұр Көкірекке басып Шындықты, Кешегі қоғам табанға салып таптаған. Исабек ишан, әулие Мәшһүр мазары Аруақты ерді имандылыққа баптаған. Бір шебер құйды Иманжүсіптің тұлғасын, Қырық қатын бірдей толғатса, Қайта таппаған!.. Қалижан ақын тұсынан көкке самғайды Қара өлеңдерін қанатына ілген аппақ ән. Қияли оймен кей сәтте: «Төбем аспанға жетердей болып отырсам солай!» – деп қалам... Кереку – көне түркінің көзі еді ғой, Ілтипат қылмай өткенге, Ізет жоқ маған! Мұзафар абыз тарихтың өзі емес пе, Шәкірттері де уақыттан әрі аттаған!.. Шөберелері Әнұранға елтіп жөргекте, Бесікте жатып «Маралды» әнін жаттаған! Бүгінгі жастың ырзығы толы торсықта Ғажайып дәм бар үлкендер әлі татпаған! Айдарлы ұлға бақ қонды бата берген соң, «Асығың түссін алшысынан!» – деп, мәрт бабам. Әлмисақтағы өрнекте біздің өмір бар, Әжелер бағзы жүзікті бекер тақпаған! Әйтеуір, Ерлан әкімнің, Арман ақынның Тұсында ел-жұрт рухтанды, Соған шаттанам! Билік пен халық тұтасып кеткен бұл жерден Мен ертең Ұлы Болашағыма аттанам!..
Арман ҚАНИ, Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының мүшесі. Павлодар қаласы.
Пересказывать чужое творчество – дело не благодарное, но все же….
Арман Кани, используя яркие образы, повествует об истории страны и Прииртышья, мастерски вписав в рифму заслуги Ерлана Арына перед областью. Бывшего акима благодарят за внимание, которое он в свое время уделил мечетям, святым местам, памятникам. Всему тому, что так важно для народа. С некоторой грустью поэт говорит о временах акимства Арына, когда у жителей региона, наконец-то, появилась возможность вернуться к своим корням. И хотя прежнего не воротить, поэт с уверенностью смотрит в будущее, где будут царствовать сильные духом люди…
Воодушевляющая поэма была положительно встречена в социальных сетях и получила множество благожелательных откликов. Надо отдать должное группе поддержке Ерлана Арына. Происки финпола, судимость и отзыв орденов никак не повлияли на любовь и преданность фанклуба.
Ереке здравствует на свободе и в почете.