Дзюдошы еді. Әкім болды. Әйелін ұрып жұмыссыз қалды

2260 просмотров
0
Ратель
Четверг, 06 Июн 2024, 13:00

Оның үстінен қылмыстық іс қозғалған

Жақында танымал дзюдо балуаны, Атырау облысының Мақат ауданының әкімі Ринат ИБРАГИМОВ әйелін ұрды деген күдікке ілінген болатын.

Енді ол қызметінен кетті.

Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Ринат Ибрагимов лауазымды қызметінен өз еркімен кеткен.

Бұған дейін оның әйелі Ақмарал Үмбетқалиева видеоүндеу жариялап, күйеуінен тұрақты түрде "таяқ жеп" келгенін айтқан болатын. Тіпті, экс-спортшы оны мүгедекке айналдырамын деп қорқытқан көрінеді.

2023 жылы шенеунікке қатысты "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бабы бойынша іс қозғалған. Дегенмен, әйелінің сөзіне қарағанда, сол күйі ешқандай шара қолданылмаған.

Читайте также
Ол неге құпия? Федерация Черчесовтың жалақысын жасырып отыр

Ринат Ибрагимовті көпшілік спортшы ретінде де жақсы біледі, деп жазады 1bol.kz. Ол бірнеше жыл дзюдо күресінен ұлттық құрамада өнер көрсетіп, екі рет Олимпиадаға қатысқан. Ал соңғы жылдары жоғары биліктегі біреулер оған да билік тізгінін ұстатып қойған. Алдымен Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болды. Кейіннен Мақат ауданының әкімі болды.

Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі аудан әкіміне қатысты қылмыстық істің қаралып жатқанын растады.

"Қылмыстық іс Атырау қаласының №2 сотында қаралып жатыр. Келесі сот отырысы 29 мамырда сағат 10:00-де өтеді", - деп хабарлаған болатын облыстық соттың баспасөз қызметі.

Фото: 365info.kz.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
В Астане школьники самостоятельно вывели цыплят из инкубатора