
Енді бұл міндетті иорданиялық Мохаммед Әл-Авамала атқаратын болды
Белгілі спортшы, Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыханов Азия күрес федерациясы (UWW Azia) президенттігінен кетті, деп хабарлайды Казинформ.
Иордания астанасы Амман қаласында өткен федерацияның бас ассамблеясында аталған қызметке жаңа басшы тағайындалды. Енді бұл міндетті иорданиялық Мохаммед Әл-Авамала атқаратын болды. Ол 38 дауыстың 34-ін жинады. Енді иорданиялық маман бұл ұйымды 2028 жылға дейін басқарады.
Дәулет Тұрлыханов аталған қызметті 2017 жылдың мамырынан атқарып келді.
Иордания астанасы Амман қаласында өтетін күрес түрлерінен Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды.
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі.
ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!