Дәрі-дәрмекті қымбат немесе заңсыз сататындарға қандай жаза беріледі

1798 просмотров
0
Ратель
Среда, 08 Июл 2020, 11:00

Олар Әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі кодекстің 426-бабы бойынша жауапқа тартылады

Читайте также
Пневмония эпидемиясы: коронавирус қайда кетті?

Ішкі істер вице-министрі Алексей КАЛАЙЧИДИ дәрі-дәрмекті қымбатқа немесе заңсыз сататындарға қандай жаза берілетінін жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Дәрі-дәрмекті қымбатқа сататындар Әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі кодекстің 426-бабы бойынша жауапқа тартылады. Бұл бап бойынша жеке адамдарға 70 АЕК, ал ірі кәсіпкерлік нысандарға 1 000 АЕК айыппұл салынады", - деді Алексей Калайчиди ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша министрлік қазіргі таңда мүлікті тәркілеуге, тіпті лицензияны қайтарып алуға дейінгі шараларды қарастырып жатыр.

"Бір күннің ішінде бізде 426-бап бойынша екі әкімшілік іс қозғалды", - деді Алексей Калайчиди.

Фото: inform.kz.

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.