
Қор биржасында АҚШ ақшасы аптаның басында екі күн қатарынан қымбаттаған болатын
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы тағы қымбаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 17 наурызбен салыстырғанда 0,80 теңгеге өскен. АҚШ долларының орташа бағамы 419,27 теңге болды.
Ұлттық банктің 18 наурыздағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 418,44теңге.
Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 420,38 теңгеден сатылса, ал сатып алу - 418,79 теңге.
Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 419,31 теңгеге сатылып жатыр, сатып алу құны – 418,12 теңге.
Айта кетейік, Қор биржасында АҚШ ақшасы аптаның басында екі күн қатарынан қымбаттаған болатын.
Фото: Ⓒ Ratel.kz / Сергей Перхальский.