Бас прокуратура "Дикий Арманың" Ұлттық қауіпсіздік қызметінің тергеу изоляторында отырғанын мәлім етті
"Дикий Арман" лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевті қамауға алу мерзімі 7 тамызға дейін ұзарды, деп хабарлады Қазақпарат.
"3 маусымда Алматы ауданаралық соты тергеу өтінішін қарап, Арман Жұмагелдиевті қамау мерзімін 7 тамызға дейін ұзартты", - деп хабарлады Алматы қалалық соттың баспасөз қызметі.
Еске салайық, 7 қаңтарда Алматы полицейлері "Дикий Арман" лақап атымен танымал қылмыс әлемінің серкесі Арман Жұмагелдиевті ұстаған болатын.
Кейін Бас прокуратура "Дикий Арманың" Ұлттық қауіпсіздік қызметінің тергеу изоляторында отырғанын мәлім етті.