Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 2 613 адам ем қабылдауды жалғастыруда, олардың ішінде екі мыңнан астамы ауруханада жатыр
Өткен тәулікте 4 адам коронавирустық инфекциядан және 1 адам пневмониядан қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
Өткен тәулікте республика бойынша 197 адам пневмония, 104 адам коронавирус жұқтырған.
Барлығы бірінші тамыздан бері 35 914 адам пневмониямен ауырса, 13 наурыздан бері 109 406 қазақстандық коронавирустық инфекцияға шалдыққан.
Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 2 613 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 125 бала бар. Стационарларда 2 012 науқас жатыр. 601 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Науқастардың арасында 81 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 13 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағалануда. 13 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған.
Фото: AFP 2019 / JACK GUEZ.