![](https://imagesratel.kz/cdn/innermain/i/2021/September/24/2d3408371eb7253cc62bb15cc520c047e69ece8c.jpg)
Бұған екі циклонның - солтүстік-батыс және оңтүстік, бірігуі ықпал етеді
Қазгидромет 25-27 қыркүйек күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Демалыс күндері республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі. Бұған екі циклонның - солтүстік-батыс және оңтүстік, бірігуі ықпал етеді. Солтүстік аумақта және шығысында жаңбырдың арты қарға ұласады. Желдің күшеюі, түнде және таңертең тұман күтіледі.
"Республиканың батысында ауа температурасы түнде 7-15, күндіз 15-25-тен 10-20-ға дейін төмендейді. Солтүстік-батыста түнде 3 аяздан 5-ке, 3-11 жылуға дейін, күндіз 13-23-тен 3-13 градус болады. Елдің солтүстігінде және орталығында түнде термометрлер 2-7 градусқа төмендейді. Ал республиканың шығысында 5 градус үсік жүріп, күндіз 7-17 градус жылы болады. Оңтүстікте мен оңтүстік-шығыста ауа температурасы күндіз 18-25 гдарусқа дейін жоғарлайды", - делінген хабарламада.