![](https://imagesratel.kz/cdn/innermain/i/2021/December/01/a8c1e4200f7999bd239ac039a6bcd0df1d8fae20.jpg)
Елеусінов — Леаль жекпе-жегі 18 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қаласында өтпек
Қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтің (10-0, 6 КО) келесі жекпе-жектегі қарсыласы ауысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Boxrec.com сайтының мәліметінше, Елеусіновтің жаңа оппоненті аргентиналық Хуан Эрнан Леаль (15-1, 4 КО) болмақ. Жекпе-жек он екі раундқа есептелінген, олар IBO нұсқасы бойынша жартылай орта салмақта әлем чемпионы вакантты титулы үшін айқаспақ.
Еске сала кетейік, әуеліде Данияр Елеусінов мексикалық боксшы Данте Хардонмен (34-7, 25 КО) жұдырықтасуы тиіс болған. Алайда ол спарринг кезінде қолын сыдырып алды.
Елеусінов — Леаль жекпе-жегі 18 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қаласында өтпек. Данияр соңғы рет шаршы алаңға бір жыл бұрын 2020 жылғы қарашада шыққан болатын. Онда ол Джулиус Индонгоны (23-4, 12 КО) екінші раундта нокаутпен жеңді.