Dala Market: Qazaq Oil жол бойындағы сервисті қатты өзгертті

998 просмотров
0
Ратель
Четверг, 15 Мая 2025, 10:00

Drive-thru, 22% өсім және ендігі “мини” деуге келмейтін минимаркеттер

Qazaq Oil ауқымды ребрендинг бастаған еді. Компания жанармай құю станцияларын жаңартумен шектелмей, минимаркет форматын түбегейлі өзгертті. Қазір Dala Market брендімен еліміз бойынша 348 жанармай құю бекетінде іші кең, жарық сауда орындары ашылып, онда жолда қажет болуы мүмкін тауардың бәрі тұратын болды – жеңіл-желпі тамақ пен сусыннан бастап, көлікке керек заттар түгілі әдеби кітаптар да сатылады.

Не өзгерді? Не өзгермеді деуіміз керек. Сауда алаңдарының аумағы еселеп ұлғайды – бұрын орта есеппен 15 шаршы метр болса, қазір 40-60 шаршы метрге дейін жетеді. Кейбір флагман-бекеттерде сауда алаңы тіпті 200 шаршы метрге дейін кеңейіп, жолаушыларға нағыз “шопинг-брейк” жасауға мүмкіндік береді.

Көбейген сөрелерде тауар да көбейді. Dala Market гастрономия жағын қатты дамытып, тауар ассортиментін кеңейтуде, әрі дәл қазір өзінің мынадай жекелеген брендтеріне басымдық беріп отыр:

  • QAZAQ OIL – маусымдық терезеге шашатын сулар, ылғал майлықтар, антифриз түрлері мен хош иістер;
  • TULPAR – энергетикалық сусындар мен ауыз су;
  • Q-лимонад және Q-шай (0,5 және 1 литр көлемде).

Айтпақшы, осы өнімдердің бәрі минимаркеттерге уақытында жеткізіліп тұруы үшін Dala Brand дейтін стратегиялық серіктеспен бірлесіп, тиімді логистикалық тізбек құрылды. Бүгінде Dala Market халық тұтынатын тауарларды жеткізетін 330-дан астам жеткізушімен жұмыс істейді: сөрелер тауарға толы, айналым жылдам, өнімдердің балғындығына қатысты шағым жоқ.

Клиенттер мұндай қамқорлықты бағалап үлгерді: 2024 жылы бір жанармай бекетіне келушілер саны 2023 жылмен салыстырғанда 11%-ға артты, ал табыс 22%-ға өсті. Жай ғана минимаркеттер сияқты көрінгенімен, олар бүкіл желінің жұмыс ырғағын өзгертті.

Алда не күтіп тұр? 2025 жылы жаңғыртылған жанармай бекеттерінде drive-thru жүйесі іске қосылады – бұл форматта тауарды көліктен шықпай-ақ тапсырып, алып кетуге болады. Жылдам, ыңғайлы және ешқандай кезексіз. Жүйе екі кезеңмен жұмыс істейді: алдымен тапсырыс беру, одан кейін төлеу және тауарды алу. Fast food индустриясында кең таралған бұл технология қазақстандық автокөлік иелерінің қажеттіліктеріне бейімделмек.

- Drive-thru форматы біздің қызмет көрсету жайлылығы мен жылдамдығын арттыру стратегиямыздың логикалық жалғасы. 2025 жылы алғашқы жаңартылған жанармай бекеттері бұл жүйемен ірі қалаларда жұмысын бастайды. Біз бұл концепцияны жүргізушілердің қажеттіліктеріне сай бейімдедік: кофе мен хот-догтан бастап, тиімді комбо-жинақтарға дейін оның бәрін көліктен түспей-ақ алуға болады. Сонымен қатар, біз Dala Market тауарларын кәдімгі жеткізу сервистері арқылы үйге немесе кеңсеге жеткізуді іске қосуға дайындалып жатырмыз. Бұл клиенттерімізге кез келген уақытта сапалы өнімді жылдам әрі ыңғайлы түрде алуға мүмкіндік береді, - дейді Qazaq Oil компаниясының операциялық директоры Иван МЕЛЬНИЧЕНКО.

Бүгінде Dala Market – бұл сапалы өнім сататын жер, жол үстіндегі ойластырылған ритейл және инфрақұрылымды заманға сай етудің жарқын мысалы. Бірақ бұл минимаркеттер – трансформацияның жай ғана бір бөлігі екенін ұмытпау керек. Басты назарда Qazaq Oil жанармай бекеттері тұра береді – отын сапасын, қауіпсіздікті және заманауи сервисті қамтамасыз ететін инфрақұрылымдық нысандар ретінде.

- Біз тек инфрақұрылымды жетілдірумен шектелмей, жанармай бекетінің айналасында цифрлық экожүйе құруды мақсат етеміз. Дауыстық аналитика арқылы біз күн сайын сервис стандарттарының сақталуын бақылаймыз және клиентпен қарым-қатынастағы жетілдіруге болатын тұстарды қарастырамыз. Vlife мобильді қосымшасында ұсыныстар мен кеңес беру жүйесі жұмыс істейді бұл бізге жүргізушілердің қалауын тереңірек түсінуге және оларға дәл қажетті өнімді ұсынуға көмектеседі. Ал қосымша арқылы байланыссыз жанармай құю бұл ыңғайлық пен қауіпсіздік: жанармай бекетін, отын түрі мен көлемін таңдап, төлем жасап, көліктен шықпай-ақ жанармай құюға болады, - дейді Иван Мельниченко.

Qazaq Oil клиенттері фирмалық Tulpar отынын құя алады – бұл жанармай халықаралық экологиялық және техникалық талаптарға сай келеді, Қазақстанның әртүрлі климаттық аймақтарында қолдануға жарамды және әр кезеңде – сақтаудан бастап, көлік багына құйылғанға дейін сапа бақылауынан өтеді. Бұл – жүргізушілер әрдайым сене алатын нақты стандарт.

Сонымен қатар, әр станцияда Q-Cafe жұмыс істейді – жолға арналған тағамдар, ыстық сусындар және жаңа пісірілген өнімдер ұсынылатын жылдам тамақтану аймақтары. Бұл формат өте танымал болып кетті, енді ол жанармай бекетінің аясынан шығып, кофехана франшизасы ретінде дамып жатыр.

Осылайша, Qazaq Oil тек жанармай құю бекеттері деген ұғымды ғана емес, жолдағы сапардың өзін өзгертуде. Бұл енді жай ғана жанармай құятын жер емес – бұл дәмді тағаммен, ыңғайлы логистикамен және заманауи технологиялармен жабдықталған тартымды жер.

Dala Market, Q-Cafe, drive-thru және цифрлық қызметтер – мұның бәрі – әрбір жүргізушінің жолын жайлы, қауіпсіз және жағымды ету деген бір үлкен мақсаттың бөліктері. Әрі бұл әлі басы ғана болса керек.

Фото: Qazaq Oil.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Регистрация для комментариев:



Вам отправлен СМС код для подтверждения регистрации.




Депутат мажилиса
Я за стабильность. Именно за настоящую, а не декоративную. Но стабильность – это не когда одних и тех же лиц пересаживают из кресла в кресло. Это не стабильность, это круговорот должностей в природе. Если после такого резонансного скандала люди без публичной оценки, без внятных выводов снова оказываются в системе, это говорит не об устойчивости, а о том, что ответственность у нас всё ещё носит временный характер. Сегодня ушли, завтра вернулись. Стабильность так не строится, - опубликовано на Informburo.kz
Политолог Марат Шибутов: «Боюсь, со СМИ уже у нас покончено»
Или что скрывается под прессом уголовных преследований на журналистов
Для Казахстана, Кыргызстана и Таджикистана ОДКБ – механизм, призванный предотвращать внутреннюю дестабилизацию
Для Минска ОДКБ выступает институтом, укрепляющим военно-политическое сближение с Москвой
Как построить демократию без хаоса
Гражданское общество, партийное строительство, национальный Курултай
Повышение Балаевой: гуманитарный блок получает расширенные функции
Назначение министра культуры и информации вице-премьером вписывается в обновлённую архитектуру внутренней политики
КазМунайГаз – аэропорты Казахстана не готовы к переходу на «зелёное» авиатопливо
До чего довели дискуссии вокруг возможного перехода с традиционного авиационного топлива на SAF
Предложить США ничего не могут, а для России и Китая ставки слишком высоки
Экспертная оценка встречи Дональда Трампа с Си Цзиньпином в Южной Корее
Как Кайрат Нуртас провел 10 лет между двумя концертами на стадионе
От вступления в партию «Нур Отан» до свадьбы на Мальдивах и пятнадцати суток ареста
Станет ли озеро Балхаш зоной туризма?
В Карагандинской области создают туристическую индустриальную зону
Кто изгнал стаи ворон из Алматы?
Живописный Казахстан: взгляд Андрея Михайлова
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
От запрета фонограмм до аттестации школ
Почему гуманитарная реформа рискует остаться на бумаге
КНР в Центральной Азии: инвестиции или долги?
Китай предлагает региону новую модель экономики
КазМунайГаз – аэропорты Казахстана не готовы к переходу на «зелёное» авиатопливо
До чего довели дискуссии вокруг возможного перехода с традиционного авиационного топлива на SAF
Роберт Зиганшин: «У каждого маньяка – своя мелодия»
Автор музыки к нашумевшему сериалу «5:32» о кино, деньгах и вдохновении
Три больших трека в сотрудничестве Казахстана и США
Для казахстанской стороны критически важно, чтобы санкции не были барьером