"Черчесов керек емес": қазақ жанкүйерлері қарсы шығып жатыр

1892 просмотров
0
Ратель
Воскресенье, 02 Июн 2024, 13:00

Григорий Лория да Қазақстан құрамасына жаңа бапкер ұсынды

Елдегі футбол жанкүйерлерінің көбі Ресейден Станислав ЧЕРЧЕСОВТІ алдырту бастамасына қарсылығын білдіріп отыр, деп жазады 1bol.kz.

Қазақстан құрамасынан бас бапкер Магомед АДИЕВ отставкаға кеткелі "оның орнына кім келеді" деген сұрақ футболсүйер қауымын алаңдатып отыр. Осы орайда елімізге белгілі спорт маманы Григорий ЛОРИЯ өз ұсынысын айтты.

Григорий Лория. Фото: KazFootball.kz.

Үлкен Лория бұрын "Астана", "Жеңіс" және "Қызылжар" клубтарының басшысы болған. Оның пікірінше, дәл қазір футболдан Қазақстан құрамасына бас бапкер болуға Али Алиев лайықты.

"Алиевті тағайындау керек. Бұл дұрыс таңдау болады. Алиев – білікті, талапшыл және мінезді. Бастысы – ойыншылар оған сенеді", - деді Григорий Лория Meta-ratings.kz тілшісіне.

Али Алиев. Фото: QFL.
Читайте также
Бағдат Мусин бала-шағасымен Америкаға кетіп қалды

Али Алиев қазіргі таңда "Қызылжар" клубын жаттықтырады. Бұған дейін ол "Шахтерда" және "Астананың" жастар құрамында бас бапкер болған.

Қазақстан футбол федерациясы болса жаңа бас бапкерді маусым айының басында тағайындаймыз деп уәде берген. Кейбір инсайдерлер бұл қызметке ресейлік маман Станислав Черчесовтің келетінін жазып жатыр. Тіпті, оған жылына 1,2 млн еуро жалақы берілетіні де айтылды. ҚФФ бұл ақпаратты растаған да жоқ, жоққа да шығармады.

Ал, елімізге танымал актер және комик Нұрлан Қоянбаев Ресейден бапкер алдыруға қарсы екенін білдірді. Ол өзінің Instagram-парақшасына Черчесовтің фотосуретін салып, "Керек емес" деп жазды.

Фото: Денис Бушковский / Матч ТВ.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
Виталий Колточник: Токаев и новая архитектура мира
Казахстан в Совете мира и логике Авраама
Максим Крамаренко: С помощью дипломатии БПЛА, Украина пытается «загнать» в стан своих союзников Казахстан
Комментарий руководителя ИАЦ «Институт евразийской политики»
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд