Біз демократиялық өзгерістердің жаңа дәуіріне өттік – Тоқаев

1852 просмотров
0
Ратель
Вторник, 19 Апр 2022, 17:45

Президент Қазақстан бәсекеге қабілетті, демократиялық және әлеуметтік мемлекет құру үшін әлемнің барлық елімен достық қарым-қатынастарды нығайтуға ниетті екенін айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады, деп хабарлады Ақорда.

Ақорда резиденциясында 10 мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілерінің Қазақстан президентіне сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті.

Читайте также
Жеңіс күніне орай ардагерлерге қанша теңгеден беріледі

Сенім грамоталарын Куба елшісі Оскар Сантана Леон (резиденциясы Нұр-Сұлтан қаласында), Бангладеш елшісі Камрул Ахсан, Доминикан Республикасының елшісі Франк Ганс Данненберг Кастельянос, Аргентина елшісі Эдуардо Антонио Зуайн, Перу елшісі Хуан Хенаро дель Кампо Родригес, Нигерия елшісі Якубу Сантураки Сулейман, Лаос елшісі Вилаван Йиапохэ, Чад елшісі Адам Бешир Махамуд, Руанда елшісі Фиделис Нтампака Миронко, Бенин елшісі Акамби Андре Окунлола-Биау тапсырды.

Мемлекет басшысы елшілерді Қазақстандағы дипломатиялық миссияларының ресми басталуымен құттықтап, еліміздегі игі міндеттерін орындау барысында оларға президент әкімшілігі мен Қазақстан үкіметі тарапы жан-жақты қолдау көрсететінін және көмектесетінін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде әлемнің соңғы отыз жыл ішінде ең күрделі геосаяси және геоэкономикалық ахуалды бастан өткеріп отырғанын айтты. Оның айтуынша, коронавирус пандемиясы елдеріміз үшін айтарлықтай сынақ болды. Сонымен қатар халықаралық қатынастардағы ахуалдың шиеленісуі әлемнің дамуына кері әсер етіп отыр. Осыған байланысты Қазақстан президенті қақтығыстардың БҰҰ Жарғысына сәйкес тезірек және әділ реттелетініне сенімді екенін жеткізді.

Мемлекет басшысы көпұлтты және көпконфессиялы Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басқанын атап өтті.

Читайте также
"Алматы спецтехпаркинг сервис" директоры екі айға қамауға алынды

"Біз демократиялық өзгерістердің жаңа дәуіріне өткенімізді жариялап, мемлекеттік билікті бұрын-соңды болмаған орталықсыздандыруға, үйлесімді және тепе-теңдік жүйесін нығайтуға кірістік", – деді президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде шетелдік инвесторлар мен сауда жөніндегі серіктестердің Қазақстан экономикасына деген сенімін нығайтуға баса мән берілетініне тоқталды.

"Біздің үкімет ұлттық экономиканың ашықтығына, келісімшарттарға қол сұғылмауына және жемқорлықпен аяусыз күреске бейілділігін сақтайды. Бұл реформалар халқымыздың тарихындағы бетбұрыс кезеңді білдіреді. Біз тұралап қалу емес, қарқынды даму жолын таңдаймыз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент шын мәнінде бәсекеге қабілетті, демократиялық және әлеуметтік мемлекет құру үшін әлемнің барлық елімен өзара тиімді әрі достық қарым-қатынастарды нығайтуға ниетті екенімізді айтты.

Рәсім соңында мемлекет басшысы дипломаттарға табыс тілеп, олардың мемлекеттерінің басшыларына жүрекжарды сәлемін жолдады. Сондай-ақ жиынға қатысушыларды қасиетті Рамазан айымен, Пасха мерекесімен және Лаос Жаңа жылымен құттықтады.

Оставьте комментарий

Президент Республики Казахстан о внутренней ответственности общества и государства
- Никто к нам не придет со стороны и не сделает Казахстан лучше вместо нас!
Если у вас нет паранойи - это не значит, что за вами не следят
Почему прослушка перестала быть шпионской экзотикой Жучки, скрытые микрофоны и слежка: как это работает
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Как настоящее ремесло может вернуть себе рынок?
Новый Евразийский совет открывает глобальные площадки для настоящих мастеров
Самые высокие цены на продукты - в Алматы, Мангистауской и Атырауской областях
Почему казахстанцы переплачивают за еду: разница цен на мясо, молоко и курицу между регионами достигла 30%
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай