Мемлекет ЖОО студенттері үшін стипендияны ұлғайту бойынша жоспарлы жұмысты жалғастырып жатыр
Ғылым және жоғары білім министрлігі мәліметінше, 2025 жылы ЖОО және колледж студенттері үшін стипендия 2 есе, магистранттар мен докторанттар үшін 1,75 есе артады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап бакалавриат студенттеріне стипендия 52 372 теңгеге дейін, ал педагогикалық және медициналық бағыттардағы білім алушыларға – 84 000 теңгеге дейін, магистранттарға – 117 098 теңгеге, докторанттарға – 262 500 теңгеге дейін өседі.
Интернатурада оқитын студенттерге стипендия – 94 862 теңге, ал резидентурада – 134 664 теңге көлемінде төленетін болады.
Емтихан сессиясын "өте жақсы" тапсырған жағдайда студенттердің жоғары стипендия алу мүмкіндігі сақталады.
Фото: Kazinform.
ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!