Биыл әр балаға 129 доллар аударылып жатыр – министрлік

1173 просмотров
0
Ратель
Пятница, 30 Мая 2025, 14:00

Бұл – инвестициялық табыстың 50 пайызы

Читайте также
Әзірге Қазақстан халқының 37% ауылда тұрады

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында елдегі балалардың құқықтарын қорғау мен әл-ауқатын арттыру бағытында атқарылып жатқан шаралар талқыланып жатыр. Спикер Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Сабырұлы ОСПАНОВ өз баяндамасын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Вице-министрдің айтуынша, Мемлекет басшысының IV Ұлттық құрылтайда берген тапсырмасы аясында Балалар құқықтары жөніндегі уәкілмен, Парламент депутаттарымен және қоғам өкілдерінің қатысуымен “Қазақстан балалары” бірыңғай бағдарламасын әзірлеу бағытында кешенді жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Бағдарламаның құрылымында келесі негізгі бағыттар қамтылады:

  • сапалы білімге қол жеткізу,
  • балалардың денсаулығын нығайту,
  • отбасыларды әлеуметтік қорғау және қолдау,
  • балалар қауіпсіздігі,
  • спорт пен шығармашылыққа тарту,
  • қоғамдық өмірге белсенді араластыру,
  • отбасы рөлін күшейту,
  • саналы ата-ана мен жауапты әке болуды қолдау.

“Қазақстан балалары” бірыңғай бағдарламасы әр балаға тең мүмкіндік беруді, олардың құқықтарын қорғау мен жан-жақты қолдау көрсетуді көздейтін тұрақты мемлекеттік саясаттың іргетасы болмақ.

Читайте также
Шарлапаев кетті: Утильсбор енді жойыла ма

Сондай-ақ Еділ Оспанов 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Ұлттық қордың инвестициялық табысының 50 пайызы 18 жасқа дейінгі қазақстандық балалардың жеке шоттарына автоматты түрде аударылып жатқанын атап өтті.

Мәселен, 2024 жылы әр балаға 100 АҚШ долларынан, ал 2025 жылғы есеп бойынша 129 доллардан келіп отыр. Сонымен қатар, алушылар саны да артып келеді 2024 жылы бұл бағдарлама аясында 304 815 бала, 2025 жылы 324 430 бала қамтылған.

Бұдан бөлек, вице-министр сапалы білім алуға мүмкіндік беретін қосымша тетік ретінде “Келешек” ерікті жинақ жобасы іске асырылып жатқанын жеткізді. Бұл жоба мемлекеттік білім грантына қосымша қаражат жинауға, жастардың лайықты мамандық меңгеруіне немесе тұрғын үй мәселесін шешуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ еліміздегі бастауыш сынып оқушыларын қолдау мақсатында 1-4 сынып оқушыларына тегін ыстық тамақ беру жүйесі кеңейтіліп отыр. Бұл шара 25 мыңнан астам баланы қамтыды.

Білім беру мекемелерінде мектеп асханаларына арналған жаңа стандарттар дайындалды. Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп бекітілген бұл стандарттар 1 қыркүйектен бастап еліміздің барлық мектептерінде енгізіледі. Рационды жаңартумен қатар, тамақтың сапасы мен қауіпсіздігін, асханалардың санитарлық жағдайын бақылау шаралары да күшейтіледі.

Фото: © Ratel.kz / Сергей Перхальский.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Максим Крамаренко: С помощью дипломатии БПЛА, Украина пытается «загнать» в стан своих союзников Казахстан
Комментарий руководителя ИАЦ «Институт евразийской политики»
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
Экспортировано 5,8 млн тонн зерна нового урожая