Бишімбаевтың отбасы балаларға алимент төлеуден бас тартты

2124 просмотров
0
Ратель
Четверг, 03 Апр 2025, 14:00

Назым Қахарман Қуандық Бишімбаевпен 14 жыл ресми некеде болды

Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық БИШІМБАЕВТЫҢ бұрынғы әйелі Назым ҚАХАРМАН Бишімбаевтың отбасы алимент төлеуден толығымен бас тартқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Massaget.kz.

Бұл туралы ол YouTube арнасында айтты. Оның сөзінше, алимент үнемі кешіктіріліп төленген, ал алимент туралы келісімде қарастырылған кейбір шығын мүлдем өтелмеген.

Читайте также
Бишімбаев түрмеде де тыныш отырмай жүр

“Былтыр демалыс үшін ешқандай ақша төленбеді. Психологтың қызметтері үшін де ақы төленбеді, бірақ біз оған бірнеше рет жүгіндік. Мен төлеген барлық соманы ҒАЗЫМЖАНОВ мырзаға жібердім (Қуандық Бишімбаевтың адвокаты - еск.), бірақ олар мұны елемеді. Денсаулық туралы айтпай-ақ қояйын, дәрігерге көрінгеніміз, дәрумендер, дәрі-дәрмектер төленбеді”, - деді ол.

Ол 2020 жылы ажырасу кезінде алимент туралы келісім жасалғанын жеткізді. Оның айтуынша, Қуандық Бишімбаев алдымен қаржылық жауапкершілікті өз мойнына алуға дайын екеніне сендірген, бірақ кейін бұл туралы оның адвокатына үнемі еске салып отыруға тура келіпті.

“Наурызда алимент төленбеді. Азды-көпті жүйелі түрде төлемдер былтыр қараша-желтоқсанда ғана түсе бастады”, - деді Назым Қахарман.

Айта кетейік, Назым Қахарман мәлімдеме жасаған видео 28 наурызда түсірілген. Пікірлерден кейін экранда мынадай хабарлама пайда болады: “30 наурызда маған Бишімбаевтар отбасының адвокаты хабарласып, олар алимент төлеуден мүлдем бас тартатынын айтты”.

Назым Қахарман Қуандық Бишімбаевпен 14 жыл ресми некеде болды. Ерлі-зайыпты 2020 жылы ажырасқан еді. Олардың үш баласы бар.

Фото: primeminister.kz.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

 

Регистрация для комментариев:



Вам отправлен СМС код для подтверждения регистрации.




Председатель Национального банка РК
Инфляция во многом у нас складывается из-за того, что слишком много денег в экономике. Соответственно, когда спроса много, а предложений товаров мало, естественно, что растет инфляция либо количество зарубежных товаров.
Суд над журналистом: где проходит граница частной жизни?
В Алматы рассматривают дело Олега Гусева, обвиняемого в разглашении персональных данных активистки
Комсомольское прошлое и настоящее
Почему обречен на забвение мемориал близ Алматы
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
Трехлетний бюджет: Казахстан входит в 2026 год с кучей нерешенных проблем
Экономику держат на плаву за счет новых заимствований и старых схем
КНР в Центральной Азии: инвестиции или долги?
Китай предлагает региону новую модель экономики
Сырьевая модель отечественной экономики дает сбой
Казахстан экспортирует меньше, а потребляет больше
Роберт Зиганшин: «У каждого маньяка – своя мелодия»
Автор музыки к нашумевшему сериалу «5:32» о кино, деньгах и вдохновении
Трансформация ШОС – альтернатива «старым правилам»?
Константин Сыроежкин: Необходимо научиться ощущать себя суверенным государством
«Железная дорога в тупике»: как развивается казахстанская логистика
Эксперт о закрытии границ, дефиците вагонов и перспективах железнодорожных перевозок
Когда правительство возьмётся за яйца
Прагматично-патриотическое молодёжное движение издало "Ежедневник строителя Второй Республики" с цитатами президента