Күріштік басында қазір арнайы құрылған аудандық комиссия жұмыс істеп жатыр
Кеше кешкілік Жаңақорған ауданында бір отар қой тірілей жанып кетті. Алдын ала болжам бойынша оған себеп: Түгіскен тұқым шаруашылығы орылған күріш алқабын өртеген. Өрт лезде жан-жаққа жайылып, төңіректі түгел шарпыған. Сол маңда егістікте мың жарымдай уақ мал жайылып жүрген.
Өрт үш сағаттың ішінде толық сөндірілген. Әзірге тараған ресми мәлімет бойынша 700 қой жанып кеткен. 300-дейі күйіп қалған. Күріштік басында қазір арнайы құрылған аудандық комиссия жұмыс істеп жатыр. Өлген түліктің нақты саны алдағы уақытта жарияланады. Құзырлы органдар әзірге бұл оқиғаға қатысты брифинг өткізген жоқ.
Еске сала кетейік, дәл осы ауданда тамыз айында 200-ге жуық жылқы гастрофилез ауруынан қырылған болатын. Енді міне, ұсақ мал өрттің құрбаны болып отыр.