Білім министрлігі "Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімін жариялады

2024 просмотров
0
Ратель
Воскресенье, 20 Сен 2020, 13:30

Вице-министрдің айтуынша, стипендия иегерлерін іріктеу президенттік жастардың дарындылық қорына іріктеу үлгісі бойынша толықтай автоматтандырылған негізде жүзеге асырылды

"Болашақ" халықаралық стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды. Бұл туралы білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

"Шетелде кадрларды даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешімімен шәкіртақы 106 талапкерге тағайындалды. Жақын күндері олар білім алуда бастайды", – деп жазады Дәуленов.

Читайте также
Қазақстан үкіметі келесі жылдан бастап сүт және сүт өнімдерін таңбалауды жоспарлап отыр

Ол стипендиаттардың оқу үдерісі Халықаралық бағдарламалар орталығының жаңа порталында цифрлы түрде бақыланатынын атап өтті, деп хабарлайды Sputnik. 

Стипендия иегерлерінің толық тізімін мына сілтемеден көруге болады.

Бұдан былай стипендиаттар әр жарты жыл сайын транскриптерді сканерлеп, есеп жазып немесе қандай да бір анықтамалар жіберуге міндетті емес. Барлық деректер блокчейн технологиясына ұқсас жүйе негізінде жинақталады. Жүйедегі кез-келген өзгерістер автоматты түрде тіркеледі. Бұл стипендиаттың мәртебесі мен оның дайындық кезеңдерін рұқсатсыз өзгерту мүмкіндігін жоққа шығарады.

Сондай-ақ вице-министрдің айтуынша, стипендия иегерлерін іріктеу президенттік жастардың дарындылық қорына іріктеу үлгісі бойынша толықтай автоматтандырылған негізде жүзеге асырылды. Оған қоса, конкурстық іріктеу үдерісіндегі үміткердің барлық жолы прокторингтік сүйемелдеумен және әр кезеңнің бейнежазбасымен цифрланған.

"Сонымен қатар біз кешенді тестілеу мен сұхбаттасу үдерісіне деген көзқарасты сапалы түрде өзгерттік. Яғни, пәндік білімді тексерудің қажеті жоқ. Өйткені барлық талапкерлер оларды ЖОО-ға тәуелсіз түсу процесінде көрсетіп үлгерді", – деді Мирас Дәуленов.

Айта кетейік, білім министрлігі үміткерлердің талдау, сыни тұрғыдан ойлау, фактілерді түсіндіру және таныс емес жағдайларға бейімделу қабілеттерін қалыптастыруды бағалауға баса назар аударған. Дәуленовтің пікірінше, мұндай дағдылар шетелдік жетекші университеттерде білім алу барысында жоғары маңызға ие.

Фото: informburo.kz.

Оставьте комментарий

Депутата Мажилиса
- Новые нормы Закона должны дать должникам больше возможностей для переговоров с кредиторами и заключения соглашений о погашении задолженности.
Поствыборный экзамен для партий: Виталий Колточник — о том, что показали съезды
О перезагрузке партийной системы Казахстана, феномене «семипартийности» и завершении эпохи партий одного человека
Выставки Билла Виолы ищут на картах мира. Теперь нужно искать Алматы
Его работы заставляют зрителя остановиться
Итоги недели в Казахстане: дело дольщиков, рейды МВД, громкий приговор и победы боксёров
Главные новости Казахстана и мира выпуске
От легенды советского здравоохранения до руин: судьба госпиталя для ветеранов в Алматы
Минздрав РК объяснил, почему не реконструируется госпиталь для инвалидов Отечественной войны
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай