Белгілі қазақ жазушысы өмірден өтті

1815 просмотров
0
Ратель
Понедельник, 30 Авг 2021, 13:00

Министр жазушы оқырман қауымның үлкен ілтипатына бөленіп, артына өшпейтін рухани мұра қалдырғанын атап өтті

Белгілі қаламгер, "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты Несіпбек Дәутайұлы жетпіс бес жасқа қараған шағында дүниеден озды, деп хабарлайды Sputnik.

Читайте также
Барлық мешіттерде Жамбылдағы жарылыста қаза болғандардың рухына Құран бағышталды

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

"Несіпбек Дәутайұлы бүкіл саналы ғұмырын ұлттық әдебиетімізді дамытып, руханиятын ұлықтау жолына арнаған қарымды қаламгер, дегдар жазушы тұлға еді. Мазмұны терең, көркемдігі кемел шығармаларымен қатары қалың оқырман қауымның үлкен ілтипатына бөленіп, артына өшпейтін рухани мұра қалдыра білді. Ардақты ағамыздың жарқын жүзі мен ұлттық руханияттағы тұлғасы халықтың жадында мәңгi сақталады деп сенемін", - деп жазды министр Facebook-те.

Несіпбек Дәутайұлы 1947 жылы 30 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданы Киров атындағы колхозда (қазіргі Кенен ауылы) өмірге келген. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 1972-1980 жылдары аудандық "Қордай" газетінде тілші, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы ретінде бастады. Кейін Жамбыл облыстық газетінде меншікті тілші болған. "Жамбыл" әдеби-көпшілік журналының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы Жамбыл облыстық филиалының директоры болып жұмыс істеді.

Читайте также
Риддер әкімшілік аумағындағы сел қаупі бар 4 тау көлі тексерілді

Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының, "Қазақ әдебиеті" газетінің проза жанры бойынша лауреаты. 2009 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағы берілді. 2019 жылы "Құрмет" орденінің иегері атанды.

Жазушының артында оқырманға мұра болып "Ақ көгершін", "Алма ағашының бұтағы", "Әнім сен едің" атты повестері, "Құдірет пен Қасірет" романы, "Көгілдір көйлекті келіншек", "Ойынды еті он бөлек", ІІ томдық таңдамалы шығармалар жинағы қалды. 2019 жылы Түркияның Анкара қаласында "Жол" кітабы түрік тілінде жарық көрді.

Фото: inform.kz.

Оставьте комментарий

Президент Республики Казахстан
«Стороны могли бы рассмотреть вариант заморозки боевых действий и возвращения к переговорам на основе “Стамбульской формулы 2.0”».
Первый музей медуз, ИИ на Занзибаре, 103-летняя благотворительница, трагедии, санкции и войны
Главное в мире: обзор СМИ
Суд поставил точку в деле бывшего главного редактора Orda.kz Гульнар Бажкеновой
Миллионы через ИП и зарплаты наличными
Город будущего построят в Алатауском районе Алматы
Что увидели журналисты во время пресс-тура по району
Поствыборный экзамен для партий: Виталий Колточник — о том, что показали съезды
О перезагрузке партийной системы Казахстана, феномене «семипартийности» и завершении эпохи партий одного человека
Выставки Билла Виолы ищут на картах мира. Теперь нужно искать Алматы
Его работы заставляют зрителя остановиться
Итоги недели в Казахстане: дело дольщиков, рейды МВД, громкий приговор и победы боксёров
Главные новости Казахстана и мира выпуске
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай