Батыс Қазақстанда өзеннен 300-ден астам киіктің өлексесі шығарылды

1407 просмотров
0
Ратель
Воскресенье, 08 Июн 2025, 16:00

Ақбөкеннің биылғы төлдері биіктігі 40-50 сантиметрдей жырадан шыға алмай қалған

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы аумағында Сарыөзенде өлген киіктен тазарту жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Нұрлан РАХЫМЖАНОВ мәлім еткеніндей, кеше Сарыөзенде киік өлекселері қалқып жүргені жөнінде хабар түскеннен кейін оқиға орнына “Бөкейорда” табиғи резерватының қызметкерлері автокөліктерімен барды.

Фото: "Бөкейорда" табиғи резерваты.
Читайте также
Өзбекстан Әлем чемпионатында. Қазақ футболының болашағын Мәке-Жәке жеп қойды

- Олар Қараоба ауылдық округ әкімдігі және аудандық ТЖ бөлімінің қызметкерлерімен бірге өзеннен 308 киік өлексесін алып шықты. Бұлардың барлығы да ақбөкеннің биылғы төлдері. Биіктігі 40-50 сантиметрдей жырадан шыға алмай қалған. Содан кейін киік өлекселері ауылдық округтегі мал моласында алгоритмге сай өртеу әдісімен жойылып, хаттама толтырылды, - деді Н.Рахымжанов.

Инспекция басшысы осы тұста кезекшілік неге қойылмайды деген әңгіменің бар екендігін жеткізді. Оның айтуынша, киік бір ғана жерден өтпейді, өзеннің барлық бойында кезекшілік қою мүмкін емес. Екіншіден, оншақты күннен кейін киіктің құралайлары өскеннен соң судан өте беретін болады.

Фото: "Бөкейорда" табиғи резерваты.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
Айдарбек Сапаров провел ряд двусторонних переговоров с бизнес-сообществом ОАЭ