![](https://imagesratel.kz/cdn/innermain/i/2021/December/18/b4eb9bf56e9d198faddcc1ce57632d565757a2d5.jpg)
Мамыр айында қазақстандық боксшы пуэрторикандық Матиастан жеңіліп қалған болатын
Монреалда қазақстандық боксшы Батыр ЖҮКЕМБАЕВ мексикалық Хуан Хосе Мартинес АЛЬВАРЕСТІ 69 секундта нокаутпен жеңді, деп хабарлайды Sputnik.
Бірінші орта салмақтағы бұл жекпе-жек алты раундқа жоспарланған еді. Бірақ Батыр Жүкембаев қарсыласын 69-шы секундта нокаутпен жеңді. Бұған дейін мексикалық боксшы нокдаунда болып үлгерді.
Бұл - 30 жастағы Батыр Жүкембаевтың 19-шы жеңісі (15 нокаут). Биыл мамыр айында қазақстандық боксшы пуэрторикандық Сабриэль Матиастан жеңіліп қалған болатын.
35 жастағы мексикалық Хуан Хосе Мартинес Альварес 11-ші рет жеңіліп отыр. Оның қоржынында 28 жеңіс бар.
Фото: wikipedia.org.