Балалар Евровидениесінің Қазақстандағы ұлттық іріктеуіне қатысу үшін өтінім қабылдау басталды

1737 просмотров
0
Ратель
Среда, 29 Сен 2021, 17:45

Қазақстан Парижде өтетін Junior Eurovision байқауына қатысады

Қазақстан 19 желтоқсан күні Франция астанасында өтетін Junior Eurovision 2021 конкурсына қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы "Хабар" телеарнасының директоры Динара Бисембина орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

Читайте также
"Керемет сенсация": Тоқаев футзалдан Қазақстан құрамасын құттықтады

"Қазақстан Junior Eurovision-ға қатысуға тағы да мүмкіндік алды. Биыл байқаудың финалы 19 желтоқсанда Париж қаласында өтеді және "Хабар" арнасының эфирінде трансляцияланады. "Хабар" агенттігі өз тарапынан 2016 жылы Еуропалық хабар тарату одағының (ЕВU) қауымдасқан мүшесі атанды және осының арқасында еліміз төртінші рет халықаралық танымал байқауға қатысу мүмкіндігін алды", - дейді телеарна басшысы.

Оның айтуынша, бүгін Балалар Евровидениесінің Қазақстандағы ұлттық іріктеуіне қатысу үшін өтінім қабылдау басталды.

Іріктеуге қатысу үшін Қазақстанның барлық өңірінен 9-14 жас аралығындағы балалар бақ сынай алады.

Айта кетейік, биылғы 19-шы Junior Eurovision Song Contest балалар ән байқауына 19 ел қатысады.

Олар: Албания, Армения, Әзербайжан, Болгария, Франция, Грузия, Германия, Ирландия, Италия, Қазақстан, Мальта, Нидерланды, Солтүстік Македония, Польша, Португалия, Ресей, Сербия, Испания және Украина.

Қазақстан сайысқа алғаш рет 2018 жылы қатысты. Ол кезде байқауға Данэлия Төлешова «Өзіңе сен» әнімен қатысып, алтыншы орынға ие болған еді.

2019 жылы Ержан Максим "Арманыңнан қалма" әнімен екінші орын алды.

2020 жылы пандемия салдарынан байқаут онлайн форматта өтті.

Өткен жылдың гранд финалында "Forever" әнін орындаған Қарақат Башанова он үш қатысушының ішінде екінші орынға ие болды.

Оставьте комментарий

Президент Республики Казахстан о внутренней ответственности общества и государства
- Никто к нам не придет со стороны и не сделает Казахстан лучше вместо нас!
Если у вас нет паранойи - это не значит, что за вами не следят
Почему прослушка перестала быть шпионской экзотикой Жучки, скрытые микрофоны и слежка: как это работает
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Как настоящее ремесло может вернуть себе рынок?
Новый Евразийский совет открывает глобальные площадки для настоящих мастеров
Самые высокие цены на продукты - в Алматы, Мангистауской и Атырауской областях
Почему казахстанцы переплачивают за еду: разница цен на мясо, молоко и курицу между регионами достигла 30%
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай