![](https://imagesratel.kz/cdn/innermain/i/2021/August/05/7fefef2d949f315f169fe3063833316ebac812e5.jpg)
Бас санитарлық дәрігер қаулысына сәйкес, мектепке дейінгі ұйымдар мен білім беру орталықтарының қызметкерлері вакцина салдыруы тиіс
Балабақшаға баратын балалардың ата-анасында Ashyq қосымшасында "көк" немесе "жасыл" статус болса жеткілікті. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінде айтты.
Ведомство хабарлауынша, бас санитарлық дәрігер қаулысына сәйкес, мектепке дейінгі ұйымдар, оқу-өндірістік комбинаттар, білім беру орталықтарының қызметкерлері вакцина салдыруға міндетті. Бұл соңғы үш айда коронавируспен ауырған және медициналық тұрғыдан вакцина алуға болмайтындарға қатысты емес.
"Қаулыда мектепке дейінгі ұйымдарға баратын бүлдіршіндердің ата-анасын вакцина алуға міндеттеу туралы жазылмаған", - деді комитетте.
Ата-аналарда Ashyq қосымшасында "көк" немесе "жасыл" статус болса жеткілікті. Ал балалар ешбір шектеусіз балабақшаға бара алады.
Фото: CC0 / Esi Grünhagen.