Бүгін жұлдызды қалашықта палау фестивалі өтті
Байқоңырлықтар демалыс күндерін мазмұнды өткізуді мықты меңгерген. Әр сенбі, жексенбіде мәдени шаралар өткізіп отырады.
Бүгін міне, алғаш рет "Байқоңыр палауы- 2021" фестивалін ұйымдастырды. Шығыс тағамын әзірлеп, байқоңырлықтарға ұсынуға жергілікті кәсіпкерлер мен бірнеше кәсіпорындар құлық танытты.
Ас көпшіліктің көзінше ашық аспан астында жасалды. Палау жасаудың да түрлі тәсілі бар, аспаздар өз өнерлерін ортаға салып, демде буы бұрқыраған керемет тағамды тұрғындарға ауыз тиюге ұсынды.
Сондай-ақ, палаудан бөлек, салқын сусын, балмұздақ, ыстық нан сатылымға шықты. Ал, мәдениет үйінің өнерпаздары бұл керемет шараны әсем әнмен әрлеп, тамаша көңіл күй сыйлады.
Бүгінгі сенбілік кеш жұлдызды қалашықты осындай жарқын сәттерімен есте қалды.
Фото: Ⓒ Ratel.kz / Айнұр Тұңғышбаева.