Оларды тергеу абақтысына отырғызып қойды
Қарасай ауданының полиция қызметкерлері Алматы облысының тауларында байкерлерге қамшы сілтеген үш күдіктіні ұстады, олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бір топ адам жасаған бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр, қару тәркіленіп, сараптамаға жіберілді, - делінген хабарламада.
Алдын ала болжам бойынша, мотоцикл жүргізушілері ұсталғандардың малын үркіткен, деп жазады el.kz.
Полиция департаменті өкілінің мәлімдеуінше, қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Айта кетейік, 14 шілде күні "Известковый" тауларында бейтаныс адамдар бір топ адамды ұрып-соққаны туралы шағым Қарасай аудандық полициясына келіп түсті.
Жәбірленушілердің сөзінше, бейтаныс адамдар оларды жануарларды үркітті деп айыптап, қамшымен сабаған және мылтықпен қорқытқан.
Фото: видеодан алынған кадр.
ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!