“Қазпоштаның” 167 ауылдағы бөлімшесі жабылып қалды

1548 просмотров
0
Ратель
Пятница, 29 Ноя 2024, 13:00

Газеттер мен журналдарды жеткізу тарифі 17 теңге, ал бұл қызметтің өзіндік құны 353 теңге

Премьер-министр Олжас БЕКТЕНОВ Сенат депутаттарының сауалына берген жауабында Ақтөбе облысындағы бірнеше ауылда неге пошта бөлімшесі жабылып қалғанын түсіндірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Читайте также
Осылай отыра берсек, ертең доллар 600, 700 теңге болады

“Жосалы, Әлімбет, Шәмші Қалдаяқов ауылдарындағы пошта бөлімшелерін жабу туралы шешім ауылдық бөлімшелерді ұстауға жұмсалатын шығыстардың ұлғаюымен және көрсететін қызметтерге сұраныстың төмендеуіне байланысты болды. 2023-2024 жылдары төмен рентабельділік себебінен 167 ауылдық пошта байланысы бөлімшесі жабылды”, - деп жазылған жауапта.

Үкіметтің мәліметі бойынша, 2023 жылы “Қазпоштаның” ауылдарда қызмет көрсету шығыны 17,5 млрд теңге болған.

Бұл тарифтердің нақты шығындармен сәйкес келмеуіне байланысты.

Газеттер мен журналдарды жеткізу тарифі 2017 жылдан бері 17 теңге мөлшерінде, өзгеріссіз қалып отыр. Ал бұл қызметтің өзіндік құны 353 теңгеге жеткен.

“Ауылдарда зейнетақы мен әлеуметтік төлемдерді жеткізу қызметінің шығындары да осыған ұқсас. Қолданыстағы 247 теңге мөлшерлемесі нақты шығындарды өтемейді. Ал “Қазпошта” үшін қызметтің өзіндік құны 477 теңге болып отыр”, - деп жазады Олжас Бектенов.

“Қазпошта” АҚ Әлімбет және Ш. Қалдаяқов ауылдарында пошта байланысын жылжымалы бөлімшесі арқылы, ал Жосалы ауылын ауданы орталығы Қарғалыға бекіту арқылы реттей бермек.

Фото: ҚазАқпарат.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Диалог вместо напряжения
Как в Доме дружбы учат не доводить до конфликта
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
Как дольщики потеряли деньги: сделки, переуступка и фигура осуждённого Юлиана Попцова
Акимат обещал реновацию, Садыкова — квартиры: а люди остались без денег
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
Максим Крамаренко: С помощью дипломатии БПЛА, Украина пытается «загнать» в стан своих союзников Казахстан
Комментарий руководителя ИАЦ «Институт евразийской политики»
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд