"Қазмұнайгаздың" еншілесі айына 1,5 млн теңгеге секретарша жалдап жүр

3312 просмотров
0
Акмарал ШАЯХМЕТОВА
Четверг, 28 Ноя 2024, 10:00

"Samruk Business Academy" қып-қызыл ақшаға Қазақстанның батысын кадрмен қамтамасыз етуде

Маңғыстаудағы мұнай кеніштеріндегі жұмысшылардың ереуілдері тым жиілеп барады. Күні кеше "Өзенмұнайгаз" бас директоры Жанболат САЙМАҒАМБЕТОВ компания жұмысшыларын боқтап жіберіп, ақыры ол үшін “ол кісі эмоцияға берілді” деп "ҚазМұнайГаз" АҚ ақталды.

Маңғыстауда жұмыс істейтін ҚМГ кәсіпорындардың кадрлық саясаты жаңаөзендіктерді бекер ашуландырмайтын секілді.

Ratel.kz Adata.kz сервисі арқылы "Samruk Business Academy" жекеменшік мекемесінен қызмет сатып алуға қатысты қызық деректі тапты.

Читайте также
Осылай отыра берсек, ертең доллар 600, 700 теңге болады

"Samruk Business Academy" 2004 жылдың наурызында тіркелген, құрылтайшылары –"ҚазМұнайГаз" АҚ мен “Самұрық Қазына” Ұлттық әл-ауқат қоры” АҚ.

"ҚазМұнайГаз" бен “Самұрық Қазынаның” бұл еншілесі “Білім саласындағы өзге де қызметтермен” айналысады, өзі 52 млрд теңге салық төлеген екен. Бұл мекеме арқылы қанша ақша ағып жатқанын елестете беріңіз.

Бұл фирма тендерде тым белсенді – “Самұрық Қазына” Ұлттық әл-ауқат қоры” АҚ, "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ, "ҚазТрансОйл" АҚ, "ҚМГ Инжиниринг" ЖШС, "KEGOC" АҚ сияқты аса ірі алпауыттардың кәсіпорындарына қызмет көрсетеді.

1745 конкурс пен тендерден бұл фирма 149 млрд теңгеге тапсырыс алған!

"Samruk Business Academy" ҚМГ-ға қарасты "Oil Construction Company" ЖШС-імен 2,3 млрд үш жылға аутстаффинг қызметі туралы шарт жасасқан.

2024 жылы 751 млн, 2025 жылы 796 млн және 2026 жылы 828 млн теңгені игермек.

Қызметтер – бір көзден алу әдісімен сатып алынған.

Аутстаффинг деген – штатқа тұрғызбай жұмысшылар табу әдісі.

Сонымен "Oil Construction Company" ЖШС-і әлгі фирмадан 41 жұмысшыны жалға алған. Келісімшарт бойынша "Samruk Business Academy" әр жұмысшыға ай немесе тоқсан сайын жұмыс уақытына байланысты 33,33% мөлшерде сыйақы, сондай-ақ жыл қорытындысы бойынша 13-ші төлем төлеуі тиіс. Және аутстаффер есебінен жұмысшыларды сақтандыру, тамақтандыру, тұратын жер тауып беру, медициналық бақылау, тасу және оқыту ақысы төленуі тиіс.

Сонда осындай бір "сырттай" жұмысшыға бір жылда 18,3 млн теңге немесе айына 1,5 млн теңге жұмсалатын болып тұр. Бірақ қарапайым сантехниктер мен хатшылар мұндай ақшаны қолына алмайды-ау.

Читайте также
Қазақстан 7 жылда 6 млн тонна мұнай өнімін сырттан сатып алған

"Samruk Business Academy" мекемесінде орташа жалақы айына 627 мың теңге деп көрсетілген, фирмада 3260 қызметкер бар. "Oil Construction Company" ЖШС-і жалға алатын адамдар "Samruk Business Academy" штатында тіркелген. Фирманың жұмысшыны жалға бергені үшін алатын ақшасы мен сол жұмысшылардың жалақысына төлейтін ақшасының айырмасы 873 000 теңге құрайды.

Ал "Oil Construction Company" ЖШС-інде 429 қызметкер тіркелген. 2024 жылы жалақы қоры 964 миллион теңге болған. Тағы соған парапар соманы жұмысшыларды жалға беретін фирмаға жұмсайды.

Adata.kz сервисінің архивінде "Oil Construction Company" ЖШС-індегі жалақылар туралы хабарландырулар сақталған екен. Мысалы, биыл жазда айына 200 мыңнан 450 мың теңгеге дейінгі жалақыға техник іздеген, қаңтарда 450 мың теңге жалақыға инженер-энергетик іздеген.

Ашығында, бұл аустаффинг деген схема – "ҚазМұнайГаздың" өзіне қарасты компаниялардан оңтайландыруды талап етуіне берілген қыңыр-қисық жауап. Еншілес компаниялар жалақы қорын қысқартып, бірақ бұрынғы режимде жұмысын жалғастыра беру үшін осындай қулықты тапқан. Бастысы, акционер – Қазақстан үкіметі риза болса болды.

Қағаз-құжаттар бойынша жұмысқа адам жалдау деген үлкен жұмыс жүріп жатыр, ал жұмысшылардың өмірінде ештеңе өзгермейді, бәрі бұрынғы жұмысында бұрынғыдай жүр. Тек олардың жеке қағаздары бір контордан екінші конторға өтіп жатыр, кеше штатта тұрған жұмысшылар бар-жоғы жалға алынған жұмысшылар боп шыға келеді, содан-ақ еншілес фирмалар мен компаниялар жасайтын ақшасын жасап жатыр.

Сондықтан жалақымызды көтеріңдер деп ереуілдететін Жаңаөзен мұнайшыларына ренжу бекер.

Мердігер ұйымнан айына бір жарым миллион теңгеге секретарша жалдап жатқан тірліктері кеніштегі жұмысшыларға ұнамайтыны анық.

"ҚазМұнайГаз" АҚ-ның 2024 жылдың қаңтар-қыркүйегіндегі таза табысы 8%-ға, 867 млрд теңгеге дейін қысқарды", - делінеді компанияның ақпаратында.

Табыстың неге азайғаны енді түсінікті. Миллиардтар аутстаффингке шығындалып жатыр да.

Фото: sba.kz.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Регистрация для комментариев:



Вам отправлен СМС код для подтверждения регистрации.




Чемпионка Итогового турнира WTA-2025
Я горжусь представлять Казахстан и дарить вам эмоции и победы. Особенно радуюсь, когда вижу, что всё больше ребят берут в руки ракетки. Если моя игра вдохновляет вас мечтать, трудиться и верить в себя это моя самая большая победа.
ЦУР Алматы – победим бедность, болезни и станем равными
150 инициатив НПО по 26 задачам ЦУР на сумму 9,36 млрд тенге – каков результат?
Предложить США ничего не могут, а для России и Китая ставки слишком высоки
Экспертная оценка встречи Дональда Трампа с Си Цзиньпином в Южной Корее
Как Кайрат Нуртас провел 10 лет между двумя концертами на стадионе
От вступления в партию «Нур Отан» до свадьбы на Мальдивах и пятнадцати суток ареста
Станет ли озеро Балхаш зоной туризма?
В Карагандинской области создают туристическую индустриальную зону
Катастрофа Fokker-100 авиакомпании Bek Air: кто виноват, если пилоты – герои?
В алматинском суде прошли прения, сегодня состоится оглашение приговора
Кто изгнал стаи ворон из Алматы?
Живописный Казахстан: взгляд Андрея Михайлова
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
От запрета фонограмм до аттестации школ
Почему гуманитарная реформа рискует остаться на бумаге
КНР в Центральной Азии: инвестиции или долги?
Китай предлагает региону новую модель экономики
В Казахстане снижаются инфляционные ожидания, а тенге укрепляется
Эксперты прогнозируют паузу в изменении базовой ставки
Роберт Зиганшин: «У каждого маньяка – своя мелодия»
Автор музыки к нашумевшему сериалу «5:32» о кино, деньгах и вдохновении
Три больших трека в сотрудничестве Казахстана и США
Для казахстанской стороны критически важно, чтобы санкции не были барьером
Когда правительство возьмётся за яйца
Прагматично-патриотическое молодёжное движение издало "Ежедневник строителя Второй Республики" с цитатами президента