Азиядағы қазақтар Кореяда құрылтай өткізіп жатыр

1896 просмотров
0
Ратель
Воскресенье, 06 Апр 2025, 16:00

Малайзия, Жапония және Моңғолиядағы қазақ диаспораларының өкілдері бас қосты

Оңтүстік Кореяда Азия елдеріндегі қазақтардың екінші құрылтайы өтіп жатыр. Бұл жолы Йонин қаласына Малайзия, Жапония және Моңғолиядағы қазақ диаспораларының өкілдері бас қосты, деп хабарлайды 24.kz.

Читайте также
Қазақтар ақырындап Қазақстаннан қашып жатыр

Құрылтай аясында мәдени және экономикалық ынтымақтастық жөнінде пікір алмасулар өтті. “Отандастар” қоры қазақ тіліндегі кітаптарды ала келді. Суретші әрі зергер Ақмарал БАҚЫТОВА өз жұмыстарын көрсетті. Қазақстанның халық әртісі Светлана АЙТБАЕВА қатысушыларды қазақ зергерлік өнерімен таныстырды. Ал этнограф Айгерім МҰСАҒАЖИНОВА қазақтың ұлттық тағамдарының пайдалы қасиеттері туралы айтып берді. Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Жұбаныш ЖЕКСЕНҰЛЫ көрермендермен бірге танымал қазақ әндерін шырқады.

Құрылтайдың Хангук шетел тілдері университетінде өтуі кездейсоқ емес. Бұл жоғары оқу орнында Абай институтын ашу жөнінде келіссөздер жүргізіліп жатыр.

- Мемлекет басшысы тапсырма берген, Абай институттарын шетелде ашу деп. Осы университетте қазақ тілін үйретеді. Осы қазақ тілін үйрететін ең үлкен университеттердің бірі дүние жүзінде. Соған байланысты осы университет пен қарым-қатынас жасап жатырмыз. Негізі ол жұмысты қолға алып іске асырамыз, - дейді “Отандастар қоры” КЕАҚ президенті Данияр ҚАДЫРОВ

Фестиваль аясында Оңтүстік Кореяда алғаш рет қазақ тілінде шешендік өнер сайысы өтті. Оны Қазақстанның

Читайте также
Тәуекел Мүсілім Қазақстаннан кетуді ойлай бастады

Сеулдегі Елшілігі ұйымдастырды. Финалға Хангук университетінің жеті студенті шықты. Олардың қабілетін Қазақстанның халық әртісі Қанат АЙТБАЕВ бастаған қазылар алқасы бағалады. Бірінші орынды екінші курс студенті ЛИ Со Ён алды.

- Мәдениет саласында жақынырақ болу үшін жиі кездесіп, сөйлесу керек деп ойлаймын. Мен қазақ тілін жақсы үйреніп, екі ел арасында жақсы қарым-қатынас жасауға үлес қосқым келеді, - дейді Хангук шет тілдер университетінің 2-курс студенті Ли Со Ён.

- Хангук университетінің қабырғасында Орталық Азия елдерінің тану факультеті бар екен. Сол жерде қазақ өзбек тілін үйренетін жастардың біздің мәдениетімізді, біздің тілімізді еркін меңгеріп үйреніп жатқандығын көріп көңілімізге қатты қуаныш сыйлап тұр. Келбеттеріне қарасақ корей жастар екенін, қазақ жастар екенін тіліне қарап ғана айырып тұрмыз, - деді ҚР Халық артисі Қанат Айтбаев.

Қазақ тілі байқауының жеңімпазы Сеул-Алматы-Сеул бағытындағы тегін әуе билетін иеленді. Бұл сыйлық Ли Со Ёнға Қазақстанға барып, тілін одан әрі жетілдіруге мүмкіндік береді.

Фото: 24.kz.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Максим Крамаренко: С помощью дипломатии БПЛА, Украина пытается «загнать» в стан своих союзников Казахстан
Комментарий руководителя ИАЦ «Институт евразийской политики»
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
Экспортировано 5,8 млн тонн зерна нового урожая