Қанат Ислам кәсіби мансабындағы бірінші жеңілісінен кейін екінші орыннан алтыншы орынға түсіп қалды
Boxrec.com сайты Қазақстанның үздік боксшылары рейтингін жаңартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.
BoxRec рейтингінде айтарлықтай өзгеріс болды.
Қанат Ислам кәсіби мансабындағы бірінші жеңілісінен кейін екінші орыннан алтыншы орынға түсіп қалды.
Мейірім Нұрсұлтанов оныншы орыннан бірден 2-орынға көтерілді. Қазақстанның үздік боксшылары ондығына Бекман Сойлыбаев кірді.
Ақпан қорытындысы бойынша ТОП-10 қазақстандық боксшы:
- Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) — 31.14
- Мейірім Нұрсұлтанов (16-0, 9 КО) — 17.82
- Батыр Жүкембаев (19-1, 15 КО) — 16.93
- Руслан Мәдиев (14-2, 5 КО) — 14.25
- Данияр Елеусінов (11-0, 6 КО) — 12.66
- Қанат Ислам (28-1, 22 КО) — 12.50
- Әли Ахмедов (18-1, 14 КО) — 10.81
- Бекман Сойлыбаев (13-1, 5 КО) — 7.788
- Айдос Ербосынұлы (16-0, 11 КО) — 7.048
- Жан Кособуцкий (17-0, 16 КО) — 6.083.