Қазақстанның үш облысында тұқым қоймаларын су басты

2211 просмотров
0
Ратель
Понедельник, 20 Мая 2024, 12:00

170 тоннаға жуық тұқым су астында қалды

Ауыл шаруашылығы министрлігі тұқым қоймалары мен жылыжай кешендерін су басу фактілері туралы хабарлады.

"Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің деректеріне сәйкес, биылғы су тасқыны салдарынан облыста жалпы көлемі 4 мың гектарға жуық күздік егіс алқаптарын, сондай-ақ Бәйтерек ауданы Махамбет ауылдық округінде 1 гектар жылыжай кешенін су басты", - делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Читайте также
Қостанай балабақшаларында орыстілді топтар қысқарады

Ведомство мәліметіне қарағанда, өңір әкімдіктері Ақтөбе, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында 170 тоннаға жуық (Ақтөбе облысы – 80 тонна, Қостанай облысы – 40 тонна, Солтүстік Қазақстан облысы – 50 тонна) тұқым су астында қалғанын хабарлады.

"Жалпы алғанда, облыс әкімдіктерінің жедел мәліметтері бойынша егін алқаптарын су басу қаупінің басқа деректері тіркелген жоқ. Егін егу науқаны басталған кезде ылғалдылығы тым жоғары алқаптар болса, онда тыңайған алқаптарға дән себу арқылы егіс алқабы кеңейтіледі", - делінген жауапта.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехника университетінің егіншілік және өсімдік шаруашылығы кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD докторы Әділбек Ноғаев биыл егіс науқанына төнетін қатерді атады.

Фото: ElDala.kz.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
Посольство Индии организовало приём в честь 77-летия Дня Республики
По итогам 2025 года товарооборот между Индией и Казахстаном достиг 1 млрд долларов США