![](https://imagesratel.kz/cdn/innermain/i/2021/November/02/eaa09ed14f0bcda7fc7d9bcc25013a717cc91a9d.jpg)
Гвардейск гарнизонында "Қалқан-2021" бірлескен тактикалық-арнайы оқу-жаттығуы басталды
Елімізден 250-ге жуық әскери қызметші, 40-тан астам брондалған және автомобиль техникасы, он бірлік авиациялық техника, сонымен қатар ұшқышсыз ұшу аппараттары қатысады.
Оқу-жаттығу барысында екі елдің әскери қызметшілері қосымша тактикалық жасақ құрамында бірлескен арнайы операцияны ұйымдастыру және оны өткізу мәселелерін пысықтайды.
Оқу-жаттығу арнайы операцияны ұйымдастыру және өткізу барысында басқару органдары мен бөлімшелерінің іс-қимылдарының үйлесімділігін жетілдіруге, арнайы мақсаттағы бөлімшелер жеке құрамының машығын арттыруға, сондай-ақ халықаралық әскери ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.
Қазақстан мен Өзбекстан Қарулы Күштерінің арнайы мақсаттағы бөлімшелері арасындағы "Қалқан-2021" бірлескен тактикалық-арнайы оқу-жаттығуы биылғы жылдың 5 қарашасында аяқталады.