
Ерлердің орташа жасы – 30,7 жас, әйелдердікі – 33,9
2024 жылдың басында Қазақстан халқының орташа жасы 32,3 жасты құрады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ведомствоның мәліметінше, соңғы бес жылда бұл көрсеткіш 31,9 жастан 32,3 жасқа дейін өскен.
Гендерлік бөліністе ерлердің орташа жасы – 30,7 жас, әйелдердікі – 33,9 жас.
Өңірлер бөлінісінде ең жас тұрғындар Түркістан облысында – орташа жас 27,7 жыл. Одан кейінгі орында Маңғыстау облысы мен Шымкент қаласы – 27,8 жас.
Ал ең жоғары орташа жас Солтүстік Қазақстан облысында тіркелген – 39,2 жас. Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысында бұл көрсеткіш – 38,9 жас, Қостанай облысында – 38 жас.
Статистикалық деректерге сәйкес, қала тұрғындарының орташа жасы – 32,7 жас, ауыл тұрғындарында – 31,7 жас.
Фото: pixabay.com.
ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!