Тамыз айында Қазақстанда Конституция күні аталып өтеді
Биыл тамыз айында қазақстандықтар 9 күн демалады.
Биыл тамызда аптасына бес күн істейтін азаматтар 22 күн жұмыс істеп, 9 күн демалады. Ал алты күндік жұмыс аптасында – 26 жұмыс күні және алты күн демалыс.
Тамыз айында Қазақстанда Конституция күні аталып өтеді. Осы жылы 30 тамыз сейсенбіге түсіп тұр, осыған байланысты демалыс күні сенбіден дүйсенбіге ауыстырылды. Сол себепті бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар қатарынан үш күн – 28, 29 және 30 тамыз демалады.
Айта кетері, биыл жалпы 245 жұмыс күні, 106 демалыс және 14 мереке күні бар.
Фото: elbasy.kz.