![](https://imagesratel.kz/cdn/innermain/i/2022/February/07/986451e4f53108d9ad0b40572fcac7245a5886f9.jpg)
Бублик бұған дейін төрт рет ATP-250 санатындағы турнирдің финалында ойнаған. Ол әлемдік рейтингте 31-орынға көтерілді
Қазақстандық теннисші Александр Бублик ATP-250 санатындағы турнирде әлемнің үшінші ракеткасы Александр Зверевпен кездесіп, оны екі сетте 6:4, 6:3 есебімен ұтты, деп хабарлайды Sputnik.
Кездесу 1 сағат 16 минутқа созылды. Бұл 24 жастағы Бубликтің ең ірі жеңісі. Бұған дейін төрт рет финалда өнер көрсеткен.
Монпельедегі (Франция) турнирде Бублик бірнеше мықты қарсыласын, соның ішінде жарыстың екінші ракеткасы, ATP рейтингінде 19-шы орында тұрған испаниялық Роберто Баутиста Агутты жеңді.