Қазақстандық спортшы жол апатынан көз жұмды

2418 просмотров
0
Ратель
Воскресенье, 24 Янв 2021, 15:00

Жол апаты 24 қаңтарға қараған түні Бурабай кенті маңында болды, қазақстандық шаңғышы отыз сегіз жаста еді

Қазақстандық шаңғышы, әлем чемпионатының қола жүлдегері Николай ЧЕБОТЬКО 38 жасында көз жұмды, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Спортшы 24 қаңтарға қараған түні Бурабай кенті маңында (Ақмола облысы) жол апатынан көз жұмды. 

Читайте также
Джо Байденмен жұмыс істейді: қазақ қызы АҚШ-та жаңа қызметке кірісті

"Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті барлық спорттық қауымдастық атынан спортшының жақындары мен туыстарына қайғыра көңіл айтады. Николай Чеботько талантты шаңғышы, олимпиадашы және жарқын жүзді адам ретінде мәңгі жүрегімізде сақталады", - делінген хабарламада.

Николай Чеботько 1982 жылы 29 қазанда Щучьеде туған.

Шаңғы спортынан 2013 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, төрт бірдей Олимпиада ойындарына қатысқан спортшы, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген спорт шебері. 

Үлкен спорттағы ең ірі жетістігіне Чеботько 2013 жылы қол жеткізді. Ол сол жылы Валь-де-Фьеммеде өткен әлем чемпионатында командалық спринт бойынша үздік үштікке енді.

Сондай-ақ, спортшы Азия ойындарында үш алтын, төрт күміс және екі қола медаль жеңіп алған. 

Әлем кубогі кезеңдерінде 2001 жылдан бастап сынға түсті. 2012 жылы Квебектегі әлем кубогі кезеңінде Денис Волоткамен бірге тарихи алтын жүлде иеленген. Ол бірнеше рет ел чемпионатында көзге түсіп, өмірінің соңына дейін шаңғы жарыстарында бақ сынады.

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
Алматы предусматривает градостроительные решения, направленные на обеспечение свободной циркуляции воздуха