Қазақстандық актер Лос-Анджелесте "Үздік ер адам рөлі" марапатын жеңіп алды

1947 просмотров
0
Ратель
Понедельник, 15 Ноя 2021, 12:15

Қазақстандық актер Asian World film festival кинофестивалінде "Үздік ер адам рөлі" номинациясын жеңіп алды, байқауға отандық "Огонь" фильмі қатысқан

Танымал қазақстандық актер Төлепберген Байсақалов Лос-Анджелесте өткен Asian World film festival кинофестивалінде "Үздік ер адам рөлі" номинациясын жеңіп алды. Марапат Айжан Қасымбек режиссер болған "Огонь" ("От") фильміндегі жұмысы үшін табысталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Prnewswire.com сайтына сілтеме жасап.

Читайте также
Алматы мен Шымкент қаласы "жасыл" аймаққа өтті

Отандық "Огонь" фильмі Қазақстандағы қазіргі жағдайды қарапайым адамның өмірі арқылы баяндайды. Төлепберген Байсақалов рөлін сомдаған басты кейіпкер Толик – үлкен қалада өмір сүретін отбасының асыраушысы. Ол қала өміріне үйреніп, отбасын асырауды ойлайды.

Кейіпкер курьер болып жұмыс істейді. Көптеген адам секілді ол да отбасын асырай алмай, қарызға батады, кредит алады. Алайда ол өзінің қызына үлкен үміт артады. Бір күні жұмыстан келген соң қызы Сәуленің жүкті екенін біледі. Осы жаңалық қыздың болашағына қатысты жоспардың күл-талқанын шығарады. Мәселені шешкісі келген Толик көптеген кедергіге тап болады.

Asian World film festival дүниежүзілік Азия кинофестивалі биыл жетінші рет өтіп жатыр. Оған азиялық режиссерлердің жұмысы қатысады. Бұл байқауға 20-дан астам елден 30 жұмыс қатысты.

"Огонь" фильмінің әлемдік премьерасы Пусанда (Оңтүстік Корея) халықаралық фестивальде өтті. Өткен аптада актер Төлепберген Байсақалов Сочи кинофестивалінде үздік ер рөлі үшін марапатталды.

Фото: кинопортал "Бродвей".

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Максим Крамаренко: С помощью дипломатии БПЛА, Украина пытается «загнать» в стан своих союзников Казахстан
Комментарий руководителя ИАЦ «Институт евразийской политики»
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
Основные направления развития страхового сектора обсудили на круглом столе