Қазақстандағы урбанизацияның арты неге әкеп соғар екен

640 просмотров
0
Ратель
Среда, 29 Янв 2025, 14:00

Өткен ғасырдың 70-жылдары қазақтардың 28 пайызы ғана қалада тұрған

Өткен жылдың соңында “Еңбек ресурстарын дамыту орталығына” қарасты Болжау және зерттеу департаментінің сарапшылары демографиялық болжам әзірлеп, “2050 жылы Қазақстан халқының 70 пайызы қалада тұрады” деп тұжырымдады. Кейінгі деректерде Қазақстандағы 20,2 миллионнан астам адамның 60 пайыздан (12,7 млн астам) көбі қала тұрғыны болып үлгергені көрсетілген. Яғни, келешекте ауыл халқы азая бермек. Бұны теріс құбылысқа жатқызып, қалаланудың зияны туралы айтып жүретіндерді құлақ шалады. Дегенмен урбанизация теріс құбылыс па, ел келешегінде қандай рөлі бар? Kazinform тілшісі сарапшылармен бірге осы жайтқа көз жүгіртті.

Сонымен, орталық болжамында 2030 жылға қарай Қазақстанның қала халқының саны 13 пайызға артып, 14 млн адамға жететіні, ал 2050 жылға қарай 57 пайызға өсіп, 19,3 миллионды құрайтыны жазылған. Бұл кезде ауыл халқының саны 8,2 млн адамға жетеді-мыс.

Алматы қаласы халқының саны 2,6 млн адамнан асса, Астана тұрғындары 1,9 млн, Шымкент халқы 1,4 млн межеден асады екен. Бұдан бөлек, Маңғыстау мен Ақтөбе, Түркістан облысы халқының саны өсіп, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан мен Павлодарда адам кемитінге ұқсайды. Ал ауыл халқы оңтүстік пен батыс өңірлерде ғана өспек. Енді осы бағыт қандай өзгерістерге соқтыруы мүмкін екенін талдайық.

Инфографика: Kazinform.

Қалалану бала туу көрсеткішіне қалай әсер етеді?

Демограф-сарапшы Аяулым САҒЫНБАЕВАНЫҢ пікірінше, жоғарыда аталған “2050 жылы Қазақстан халқының 70 пайызы қалада тұрады” деген болжам “Қазақстан-2050” стратегиясындағы нысаналы көрсеткіштен шыққан болуы мүмкін. Қазір қалалану 59-60 пайыздық деңгейде. Бірақ бір қызығы, Қазақстандағы демограф, әлеуметтанушы, саясаттанушы ғалымдар елдегі урбанизацияның нақты көрсеткішін тап басып айтып, біле алмай отыр екен. Себебі елде әкімшілік-территориялық өзгерістер көп болып жатыр.

Фото: massaget.kz.

- Алысқа бармай-ақ, кейінгі 5-10 жылға көз жүгіртейік. 2021 жылы Астана іргесіндегі Қосшы ауылына қала статусын берді. 2018 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы және Түркістан облысы болып екіге бөлінді.

Жалпы, бөлек өңір болу үшін халық саны 1 млн адамнан асу керек немесе жуықтау керек. Шымкент қаласы бөлінген кезде құрамына жақын жатқан елді мекендер енді, Астана қаласына Қараөткел секілді ауылдар қосылды. Яғни, біз урбанизация деңгейін адамдардың қалаға көшуімен қатар, әкімшілік-территориялық өзгерістер арқылы да көтердік, - дейді маман.

Статистикаға қарасақ, әкімшілік-территориялық өзгерістер жасаған кезде халық бір жерден екінші жерге көшіп кету керек немесе көшіп келу керек екен. Сонда қалаға қосылған ауылдардың тұрғындары автоматты түрде “қалаға көшіп келді” дегендердің қатарына қосылып кетеді.

- Біз Қазақстандағы қалалану процесін жалған урбанизацияға келтіреміз. Неге? Шынайы урбанизацияда қаладағы адам саны артқан сайын соған сай жұмыс орындары да артып отырады. Ал бізде адам саны артқанымен, жұмыс орындарының көбеюі оған сәйкес келіп жатқан жоқ. Шаһарға келгендер өзін-өзі жұмыспен қамтиды, такси жүргізушісі, тамақ жеткізуші болып, шағын сән салондарында қызмет етеді. Сондықтан мен Қазақстандағы қалалануды жалған урбанизацияға жатқызамын, - деп толықтырды Аяулым Сағынбаева.

Демограф сөзінше, шынайы урбанизация индустриялық дамумен сәйкес келгендіктен, 20 ғасырда қалалардың дамуы қатты білінген. Бұл – бір. Екіншіден, қалалардың көбеюі демографияға да әсер етті. Кей ғалымдар қалалардың дамуымен “демографиялық революция” болғанын немесе демографиялық ауысым келесі сатыға өткенін айтады. Яғни, қалаларда бала туу көрсеткішінің азаюы болады.

Дегенмен бала туу көрсеткіші урбанизациядан кейін бірден төмендеп кетпейді екен, жылдам жүретін процесс емес. Мысалы, бала қалаға ата-анасымен бірге ауылдан көшіп келді делік. Сол бірінші ұрпақ та ата-анасының ауылдағыдай туу көрсеткішін, репродуктивті көзқарасын сақтап қалуға жақын болады.

- Нағыз қалалық әйелдерде туу көрсеткіші аз болады. Өйткені ауылдағыдай емес, бала көбейсе қосымша үй соға салуға қалада мүмкіндік жоқ. Пәтерлердің шектеуі бар, туу деңгейіне бұл фактор да әсер етеді.

Сонымен қатар, бала туу көрсеткішінің азаюына әлеуметтік, экономикалық факторлармен қоса, көзқарастар мен құндылықтар ықпал жасайды. Бірақ нақты әлеуметтік сауалнамалар болмайынша, құндылықтардың өзгеруін пайызбен немесе өлшеммен көрсетіп айта алмаймыз. Көп факторлардың ішінде әйелдердің білімі, экономикаға белсенді араласуы бар, - деді сарапшы А.Сағынбаева.

Маман бұл тұста қалада тұратын халықтың этникалық құрамына да қарағанымыз жөн екенін айтады. Өткен ғасырдың 70-жылдары қазақтардың 28 пайызы ғана қалада тұрған. Содан бері қазақтардың қалалануы 2 еседен астам өсті. 90-жылдары қала тұрғындарының басым бөлігі еуропалық этностан болатын. Яғни, орыстар, украиндар, неміс және поляктар. Одан кейін иммиграциялық өзгерістер жүрді, қалада қазақтардың үлесі көбейді. Сондықтан бала туу көрсеткішіне адамдардың репродуктивті көзқарасы да әсер етеді.

- Шынайы урбанизацияның жағдайын білу үшін бізге статистиканы қараған кезде қосымша әсер етуші факторлар дерегі болғаны жөн. Дамыған елдер, соның ішінде Еуропа елдерін алып қарасақ, урбанизациямен қатар құндылықтардың өзгергенін байқаймыз. Оларда тіпті “бір баланың құны” деген есептеулер бар. Әзірге батыс жұрты мен отандастарымыздың түсінігінің арасын “бөлек ғаламшар” деп суреттей аламыз, - деп қорытындылады демограф.

Бізге екі жайт байқалды. Біріншісі, Қазақстандағы урбанизация деректері әлі де нақтылауды, зерттеулерді қажет етеді. Екіншісі, урбанизация шынайы дамыған күннің өзінде Қазақстанда жуық арада бала туу көрсеткіші қатты төмендей қоймауы мүмкін.

Дамыған урбанизация – дамыған экономикаға жету жолы

Халық қалаға асық дегенімізбен, Қазақстанда ауылдардың үлесі әлі де ауқымды екенін ресми сандардан көре аламыз. Мысалы, Ұлттық статистика бюросының есебінше, елімізде қала мәртебесін алған ірілі-ұсақты 90 шаһар бар. Ал кент саны – 29, ауылдық округ – 2165, ауыл – 6208. Былтыр Үкімет отырысында кейінгі 10 жылда республика аумағында 582 ауыл жабылғаны айтылған еді. Бұл қарқынмен шамаласақ, Қазақстан алдағы жарты ғасырда да толығымен қалаланып үлгермейтінін байқаймыз.

Инфографика: Kazinform.

Жалпы, урбанизацияны экономикалық сала арқылы бағамдар болсақ, аса қатты жағымсыз құбылыс емес екенін байқаймыз. Оның бір мысалы, әлемде алдыңғы қатарда тұрған дамыған елдердің қалалану процесіне тереңдеп бойлағаны. Біріккен Ұлттар Ұйымының дерегі бойынша, 2020 жылдың өзінде қалалану деңгейі АҚШ-та – 82,5, Германияда – 77,4, Жапонияда – 91,7, Ұлыбританияда – 83,7, Францияда – 80,7, Италияда 70,7 пайыз болғанын көре аламыз. Халқы тым көп болса да дамыған Қытайдың урбанизация көрсеткіші Қазақстаннан сәл озық болды – 60,3 пайыз.

Еліміз әлі күнге дейін экономикалық дамудың бір сырын ауыл шаруашылығы саласынан, ауылдарды көркейтуден іздеп келе жатқаны жасырын емес. R-Finance компаниясының қаржылық кеңесшісі Арман БАЙҒАНОВТЫҢ айтуынша, ауыл шаруашылығының дамуы ауыл халқының санына байланысты емес.

Фото: Видеодан кадр.

- Расымен экономикасы дамыған елдерде урбанизация деңгейі жоғары. Біз де соған келеміз және бұл қалыпты процесс. Ауыл шаруашылығының, ауыл халқының, ауылдық жерлердің үлес салмағы тым жоғары елдер дамуда кенжелейді. Мысалы, Өзбекстанда да урбанизация жақсы жүріп жатыр, бірақ оларда бәрібір ауыл халқы бізге қарағанда тым көп. Өндірісі жақсы, Қазақстанға, Ресейге экспорттай алады және өз қалаларын да қамтамасыз етіп отыр. Осы жерде екінші мәселе шығады, ол – еңбек өнімділігі. Ал бізде еңбек өнімділігі жақсы деңгейде емес. Сондықтан біз қанша ауыл шаруашылығы дегенімізбен, өніммен өзімізді де толық қамтамасыз ете алмай келеміз.

Ауыл шаруашылығында Қазақстан орта есеппен Беларусьтен 5-6 есе аз өнім шығарады, бірақ халқымыздың саны 2 еседей артық. Себебі бізде негізінен ұсақ шаруа қожалықтары бар. Жоғары еңбек өнімділігінің негізгі драйвері – ірі агрохолдингтің тиімділігінде. Беларусьте заманауи агротехнологияларды қолданатын, банктік ресурстары мол ірі агрохолдингтер жетерлік. Жер аумағы мен халқының саны жағынан Беларусь өзінен бірнеше есе үлкен Ресейге сүт өнімдері мен шұжықтарды экспорттауда, - деді ол.

Сарапшының сөзінше, Беларусьте ауыл шаруашылық өнімдерінің маркетингі, сату қызметі жетілген, сондықтан қиындықсыз экспорттай алады. Яғни, арзанға өндіріп, жоғары құнға сатады. Тіпті, дүкендерді тікелей нарыққа бағыттауға мүмкіндік бар. Ауылдық жерде халық аз болғанымен, жоғары әрі тиімді тауар өндірісін қалыптастыруға болатынының дәлелі – осы.

- Ал Қазақстан ұсақ шаруашылықтармен шектелуде. Бұл қожалықтарда жалақы аз, оның үстіне кейде кешіктіріледі, жұмысшылар төмен деңгейде өмір сүруге мәжбүр. Былай қарасаңыз бізде ауыл шаруашылығының кез келген түрі бар, бірақ табысы төмен. Ауылдарда бюджет есебінен жұмыс істейтін мектеп және шағын амбулаториялар ғана бар. Әрине, осыдан соң ауыл халқы қалаға көшуге асығады.

Алайда қорқатын дәнеңе жоқ, ауылдарда халық аз қалса да, тиімді ауыл шаруашылығы өндірісін қалыптастыруға болады. Шалғай жерлерде ірі агрохолдингтер құрылса, тәуір жалақыға қажетті жұмысшысын қаладан да тарта алады. Бұған таңғалудың қажеті жоқ, ең бастысы, осыған апарар жағдай жасалуы керек, - деп қосты Арман Байғанов.

Экономисттің пікірінше, Қазақстанның солтүстік, орталық, шығыстағы облыстарының кей ауылдары жойылып жатыр, себебі кез келген жас отбасы балаларына жайлы жағдай жасауға тырысады. Ауылдарда қарапайым бассейндер де жоқ. Әйтсе де инфрақұрылымы бар аудан орталықтарында да бұл процесс қайталануда, өз саласында үздік болып жүргендер ірі қалаға кетеді. Сондықтан халық санының аз немесе көп болуы маңызды емес, маңыздысы – азаматтардың сапалы өмір сүруге, жоғары жалақы алуға ұмтылысы.

Фото: pixabay.com.

Қорыта айтқанда, тақырып төңірегінде талдау жасай отырып, урбанизацияның қалыпты құбылыс екеніне көз жеткіздік. Ендігі “ауыл халқы азайды” деп, оны жағымсыз жаңалық ретінде қабылдаудың жөні жоқ іспетті. Жоғарыда атағанымыздай, дамыған елдерде орта есеппен қала халқы 75-85 пайыздық көрсеткіштен асып жатады. Тек ауыл шаруашылығы өндірісін тиімді еңбек өнімділігінің арқасында дамытып, өзге елдерге де экспорттаудың жолын таба алған.

Коллаж: Kazinform.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Регистрация для комментариев:



Вам отправлен СМС код для подтверждения регистрации.




философия ғылымдарының кандидаты
НДС = Не Деген Сұмдық.
Как оказать давление на председателя Верховного суда, чтобы получить 1 млрд тенге
Лучшие материалы Ratel.kz за 2024 год о том, как частная компания отбила атаку судей, блогеров и журналистов
Кому и сколько должен Какимжанов
Среди 61 кредитора ТОО "Фирма "Автодорсервис" числится бывшая компания экс-министра финансов – АО "К-Дорстрой"
Падение самолёта BekAir: какие мрачные секреты всплыли в 2024 году
Ratel.kz публикует самые интересные материалы об обстоятельствах аварии Fokker-100 авиакомпании "Бек Эйр"
Прогнозы эксперта: Атырауский НПЗ закроют, проект "Полиэтилен" поставят на паузу
Сбудутся ли они в ближайшую пятилетку?
Можно ли победить бюрократию
Дональду Трампу, если он хочет ослабить бюрократический аппарат, следовало бы заняться восстановлением уровня демократии в стране и общественной консолидацией
"Гнилая селёдка" для Илона Маска
Для определенной части прогрессивно-взволнованной общественности Илон МАСК теперь "олигарх и фашист". И, разумеется, "идиот"
Алма-Атинские микрорайоны: казусы появления и неувязки с планами
Репортажи из прошлого от Андрея Михайлова
Хроники Верного. Безумству храбрых
О горных восхождениях, тюльпанах, топографической съёмке и акварельных работах
В Павлодаре детского омбудсмена обвинили в похищении ребёнка
Алматинский юрисконсульт написал заявление в Северный отдел полиции Павлодара, требуя, чтобы "воровка" вернула малышку
Истории с нацпарками Казахстана – экологи вновь бьют тревогу
Интервью с руководителем экологического общества "Зелёное спасение" Сергеем Куратовым
Суррогатная мать ведёт в суде борьбу за ребёнка, которого не хочет отдавать заказчику-иностранцу
За её услуги биологический отец заплатил 10 тысяч евро
Чиновники ВКО игнорируют поручения Ермека Кошербаева?
Акимат Усть-Каменогорска предпочёл судебные разбирательства исполнению поручения акима ВКО
Школьный буллинг в стенах "Отбасы банка"
Какие методы применяют руководители финансового института, чтобы вытравить неугодных работников
В СКО в пожаре погибли пять человек
По данным ДЧС, в числе жертв – трое детей
За испорченный летний отдых на озере Алаколь семья туристов расквиталась со своими обидчиками лишь зимой
Суд встал на сторону отдыхающих и обязал турбазу выплатить истцам денежные издержки
Все знают, что у них там ставка 10%: оценщик на суде по делу бывшего главы УЗО Алматы слил чиновников
Защита усомнилась в его откровениях, посчитав, что всё это происки Антикора
Работодатель лишился памяти после драки с работником
57-летний гражданин России ударил хозяина ножом в лицо
Когда правительство возьмётся за яйца
Прагматично-патриотическое молодёжное движение издало "Ежедневник строителя Второй Республики" с цитатами президента
Исповедь молодого сантехника и молодого акима. Часть 1
- ВЛАДИМИР, огромное Вам человеческое спасибо от всей души и чистого сердца, самое главное здоровья и ещё раз здоровья. На таких людях как Вы, города и держатся. Профессионалов как Вы, необходимо ставить руководителями, которые знают проблему из внутри. Ещё раз ОГРОМНОЕ СПАСИБО!!!!!!!
Когда правительство возьмётся за яйца
- Просто шедевральная статья. Особенно в точности описывает функции партий, которые описаны в данной статье. Изречения которые должны быть прочитаны и приняты во внимание. Самое главное чтобы данный ежедневник был прочитан и принят во внимание. (Про выражение где фигурирует Троцкий просто ШЕДЕВРАЛЬНО и в точку)...
Отчего после публикаций Ratel.kz нервничают в ТОО "AB Energo"
- Сергей, ОГРОМНОЕ Вам спасибо за новое расследование. Всегда держите в напряжение. Ожидаем продолжение... (Интересно, что скажет ещё на это и ГУ "Аппарат акима Абайского района Карагандинской области)
Премьер Смаилов как аманат Назарбаева
- Спасибо большое , здоровье и удачи Вам и Вашим близким, то что Вы творите лучше всех государственных программ по воспитанию . Готовая программа к действию для улучшения жизни населения. Огромное удовольствие что у нас имеется такие журналисты и такой коллектив.
Депутатский запрос фракции "Ак жол": чем комитет гражданской авиации занимался пять лет
- Если случится ещё трагедия , то кого будут винить опять? Всех собак спустили на авиакомпанию Bek Air, хотя надо было просто решать проблему с незаконными постройками намного раньше этой катастрофы. Нельзя это так оставлять. Всех пересажать за коррупцию , кто являлся корнем проблемы!
Все дороги ведут в Каражал: горькая начинка "сладкого пирожочка"
- Огромное спасибо автору за проделанную работу! Только в нашей группе более 100 человек постравших от этой компании в лице гендиректора Максата Токмагамбетова, бессовестного, наглого мошенника, который почему-то до сих пор остаётся безнаказанным, хотя прокуратура и следственные органы завалены сотнями, сотнями заявлений пострадавших. Но мы не остановимся и будем добиваться, чтобы этот "человек", наконец-то, понёс наказание!
Как аким Досаев уничтожает Алматы и рейтинги президента Токаева
- Каменское плато- в р-не обсерватории идет застройка, хотя весной сошел оползень на ул Алмалыкской. Акимат частично помог организовав сброс воды с вышележащего участка на нижнюю часть улицы и домовладельцу в расчистке. Но других мер по предотвращению развития оползневой зоны не принято. Вырублен сад, на месте его строится элитный комплекс Вилла Белгравиа. Летом, здесь нехватка воды, отключения электроэнергии, что будет при вводе в эксплуатацию этого, т.к.доп коммуникаций застройщик не делает.