Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы қанша пайызға өсті

10756 просмотров
0
Ратель
Вторник, 05 Янв 2021, 11:45

Нәтижесінде базалық зейнетақы төлемін ескере отырып, ең төменгі зейнетақы мөлшері 1 қаңтардан бастап 61 796 теңгені құрайды

Қазақстанда 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы мөлшері - 7%, базалық зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақы мөлшері 5%-ға ұлғайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңға сәйкес 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері 7%, яғни инфляция деңгейінен 2% ілгерілеп арттырылды. Бұл ретте жасы бойынша ең төменгі зейнетақы мөлшері 43 272 теңгені құрады.

Читайте также
Қазақстандық оқушылар үшін III тоқсаннан бастап не өзгереді

Базалық зейнетақы төлемінің мөлшері 5% артты. 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап оның ең төменгі мөлшері 18 524 теңгені құрайды.

Нәтижесінде базалық зейнетақы төлемін ескере отырып, ең төменгі зейнетақы мөлшері 1 қаңтардан бастап 61 796 теңгені құрайды.

Бұл өсім 2,2 млн зейнеткерге қатысты.

Бұдан басқа, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасының өзгеруіне байланысты жәрдемақылардың мынадай түрлері 5% артты:

- мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар;

- мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға, қамқоршыларға мемлекеттік жәрдемақы;

- бала кезінен I-ші топтағы мүгедекке күтім жасайтын отбасыларға (адамдарға) мемлекеттік жәрдемақы.

Читайте также
2021 жылы қазақстандықтар неше күн демалады

Айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің ұлғаюына байланысты 1 қаңтардан бастап келесі жәрдемақылардың мөлшері 5% - ға артты:

- №1 және №2 тізімдер бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақылар;

- бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты мемлекеттік жәрдемақылар;

- бала туғанда берілетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы;

- "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған немесе бұрын "Батыр Ана" атағын алған және "Ана даңқы" орденімен марапатталған көпбалалы аналарға арнайы мемлекеттік жәрдемақылар, мемлекеттік жәрдемақылар;

- бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын балалары бар көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар;

- Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға және жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарына тағайындалған, бірақ төленбеген біржолғы ақшалай өтемақылар.

"Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" заңға сәйкес МӘСҚ-дан еңбек ету қабілетінен айрылу және асыраушысынан айрылу жағдайларына төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері де 5% артты.

Фото: Ⓒ Ratel.kz / Сергей Перхальский.

- Президент Республики Казахстан
- Никто к нам не придет со стороны и не сделает Казахстан лучше вместо нас — о внутренней ответственности общества и государства
Если у вас нет паранойи - это не значит, что за вами не следят
Почему прослушка перестала быть шпионской экзотикой Жучки, скрытые микрофоны и слежка: как это работает
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Как настоящее ремесло может вернуть себе рынок?
Новый Евразийский совет открывает глобальные площадки для настоящих мастеров
Самые высокие цены на продукты - в Алматы, Мангистауской и Атырауской областях
Почему казахстанцы переплачивают за еду: разница цен на мясо, молоко и курицу между регионами достигла 30%
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай