Қазақстанда тұқым шаруашылығын субсидиялау көлемі 49 пайызға артты

1278 просмотров
0
Ратель
Вторник, 22 Сен 2020, 10:30

Тыңайтқыш сатып алуды субсидиялау көлемі 38 пайызға көбейді, бұл тыңайтқыш енгізу көлемін ғылыми қажеттіліктің 20 пайызына дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров тұқым шаруашылығын субсидиялау жайында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Читайте также
Жыл басынан бері көпбалалы аналар 153,3 млрд теңге жәрдемақы алды

"Биыл тұқым шаруашылығын субсидиялау көлемі 49 пайызға ұлғайды (9,4 млрд теңгеден 14 млрд теңгеге дейін), бұл ауыл шаруашылығы өндірушілерінің жоғары репродукциялы тұқым сатып алуға қолжетімділігін 2019 жылмен салыстырғанда 2,4 есеге арттыруға (39,4 мың тоннадан 135 мың тоннаға дейін) мүмкіндік берді", - деді министр Үкімет отырысында.

Оның сөзіне қарағанда, тыңайтқыш сатып алуды субсидиялау көлемі 38 пайызға көбейді (19,0 млрд теңгеден 26,1 млрд теңгеге дейін), бұл тыңайтқыш енгізу көлемін ғылыми қажеттіліктің 20 пайызына дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді.

"Кепілдендірілген және сапалы өнім алуда егістерді зиянкестер мен ауруларға қарсы химиялық өңдеу бойынша қабылданған шаралардың маңызы зор болды. Осы жылы пестицидтерді субсидиялауға 36,4 млрд теңге көзделді, бұл 2019 жылға қарағанда 9 млрд теңгеге көп. 2020 жылға дейін тек гербицидтер (арамшөптерге қарсы препараттар), биопрепараттар мен биоагенттер субсидияланғанын атап өткен жөн. Биылдан бастап пестицидтердің инсектицидтер мен фунгицидтер (өсімдіктер зиянкестері мен ауруларына қарсы препараттар) сияқты басқа да түрлері субсидияланады", - деді Сапархан Омаров.

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Максим Крамаренко: С помощью дипломатии БПЛА, Украина пытается «загнать» в стан своих союзников Казахстан
Комментарий руководителя ИАЦ «Институт евразийской политики»
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
В Казахстане запущена маркировка моторных масел