Қазақстанда қораға кіріп, қарызға батқан депутаттар кім. 2 бөлім

1930 просмотров
0
Shishkin_like
Воскресенье, 16 Фев 2025, 15:00

Коммуналдық төлемдер, алкоголь сату, жол ережесін бұзу: Қазақстанда тағы не үшін депутаттар борышкерлер тізіміне енген

Shishkin_Like telegram-каналы парламенттің жоғарғы және төменгі палаталарының, сондай-ақ Алматы, Астана және Шымкент мәслихаттарының депутаттық корпусына жасаған зерттеуінің екінші бөлімін ұсынды.

Читайте также
Қазақстанда қораға кіріп, қарызға батқан депутаттар кім. 1 бөлім

Ералы САУРАНБАЕВ (AMANAT партиясы, Алматы). Өткен жылдың күзінде БАҚ-та осы депутатпен байланысы бар делінген компанияның үлкен қарызы туралы шу шықты. Sheberbuild компаниясы қызметкерлеріне 200 миллион теңгеден астам жалақы қарыз екені, ал атқарушылық істер бойынша оның міндеттемелері 1 миллиард теңгеден асып кеткені хабарланды. Ол аз десеңіз, Сауранбаевтың өзі де борышкерлер тізімінде жеке тұлға ретінде тұрғаны белгілі болды. Өткен жылдың соңында нотариустың жазбасы негізінде оған қатысты өндіру ісі қозғалды. Ол белгісіз бір әйелге 15 миллион теңгеден астам қаржы төлеуі тиіс, сондай-ақ оның елден шығуына тыйым салынған.

Зия ТАЛҒАТОВ (AMANAT партиясы, Алматы). 28 жастағы бұл депутат Алматы жол полициясына өткен жылдың наурыз айынан бері қарыз боп қапты. Әділет министрлігінің ақпараттық жүйесіндегі деректерге сәйкес, ол жергілікті полиция департаментіне 18,5 мың теңге төлеуі тиіс. 2024 жылы бұл – 5 АЕК-ке тең еді. Мұндай айыппұл жылдамдықты 10-20 км/сағ-қа арттыру, көлік жүргізу кезінде телефон пайдалану, жолаушылар мен жүктер тасымалдау ережелерін сақтамау, қауіпсіздік белдігін тақпау, сондай-ақ көлікті тұраққа қою ережелерін бұзу үшін қарастырылған.

Азамат ӨМІРЗАҚОВ (AMANAT партиясы, Астана). Депутатқа қатысты екі іс ашылған. Оқиға 2022 жылы басталыпты. Сол жылы наурыз айында Өмірзақов өз үйін сатып алатын біреуді тауып, келісім жасасқан. Үйдің қасбетін әрлеп, темір қақпа орнатып беруге уәде берген. Алайда сатып алушыға жүрдім-бардым жасалған құрылыс жұмыстарының сапасы ұнамай, ол Өмірзақовқа қарсы талап-арызында құрылыс нормаларының бұзылғанын және ақаулар барын көрсетті. Енді депутат барлық кемшіліктерді тегін түзетуге міндетті, сондықтан ол Әділет министрлігінің тізіміне енген.

Читайте также
ШҚО-да мас күйде көлікпен жүрген депутат ұсталды

Дулат ҚУАШБАЕВ (“Ақ жол” партиясы, Шымкент). Дулат Саттарұлына қатысты іс 2016 жылы қозғалған. Сот құжаттарына сәйкес, ол Алматыдағы “Бастау” мемлекеттік кәсіпорнына 7,3 мың теңге көлемінде суық су қызметі үшін қарыз. Сол жылы сот тәртібімен Қуашбаевтан кәріз жүйесіне қызмет көрсету үшін қарыз және өсімпұл өндірілді. 2017 жылы болашақ депутатты Алматының коммуналдық қызметтері тағы да сотқа берді – бұл жолы “Алматы жылу жүйелері” мекемесі. Қуашбаев жылу мен ыстық су үшін 130 мың теңгеден астам қарыз болып шықты.

Талғат АЙТБАЕВ (“Ауыл” партиясы, Шымкент). Өткен жылдың жазында қаладағы нотариалдық палата депутаттан “Куатжылуорталық-3” кәсіпорнының пайдасына қарыз өндіру туралы істі сот орындаушыларына тапсырды. Бұл мемлекеттік кәсіпорын жылу энергиясын тарату және бөлу қызметімен айналысады. Әңгіме 39,5 мың теңге көлеміндегі жылу үшін қарызы туралы болса керек. Сонымен қатар, Әділет министрлігінің мәліметінше, 2024 жылдың шілдесінен бастап Айтбаевтың көлігі мен банк шоттарына тыйым салынған, оның нотариалдық мәмілелер жасауына да шектеу қойылған. Соған қарамастан бұл кісі жұмыс істеп тұрған бес компания мен бір өндірістік кооперативтің құрылтайшысы болып жүр.

Дереккөз: Shishkin_Like telegram-каналы.

Фото: arnapress.kz.

Аударған А.Олжаев.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
Более 1,5 тыс. проверок провели социнспекторы в целях защиты прав социально-уязвимых слоев населения