Қазақстанда енді доллар қымбаттап, инфляция өседі – мамандар

4616 просмотров
0
Ратель
Вторник, 14 Янв 2025, 18:00

Рубльдің әлсіреуі теңгені одан әрі құнсыздандырады

Қазақстанда инфляция 2025 жылы 9,4%-ға дейін өсуі мүмкін. Ал доллар одан әрі қымбаттай бермек. Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының сауалнамасына қатысқан нарық қатысушылары осындай болжам жасаған, деп жазады kursiv.media.

Мамандардың пікірінше, бұл жайт қатаң ақша-несие саясатын сақтауды талап етуі мүмкін.

Читайте также
Жапония Қазақстан компаниясына санкция енгізді

Сонымен қатар олар теңгенің долларға шаққандағы бағамына қатысты болжамдарын қайта қараған. Нарық қатысушылары теңге одан әрі құнсыздана түсуі мүкін деген пікірде. Болжамға сәйкес, бір айдан кейін 1 доллардың құны 527,3 теңге болса, (бұрынғы болжам – 524,1 теңге), бір жылдан кейін ол 552,5 теңгеге жетуі ықтимал (алдыңғы болжам – 545,2 теңге).

Олардың мұндай болжам жасауына бірнеше себеп бар. Біріншіден, Қазақстанның ірі сауда серіктесі, экономикалық одақтасы – Ресей мемлекетіне қарсы санкциялардың күшеюі. Ресейге АҚШ, ЕуроОдақ пен Жапония қазірдің өзінде бірнеше санкция пакетін енгізген. Алдағы уақытта шектеулер арта беруі ықтимал. Соның салдарынан рубль әлсірейді. Рубльдің әлсіреуі әдетте теңгеге қысым тудырып, ұлттық валютаны одан әрі құнсыздандырады.

Екіншіден, мұнай бағасының арзандауы. Қазақстандық мамандар ғана емес, халықаралық сарапшылар 2025 жылы әлемдік нарықта мұнай бағасы арзандауы мүмкін деген болжам жасап отыр.

Үшіншіден, Қазақстанда импорт көлемі артты (инфрақұрылымдық жобаларды іске асырумен байланысты) және сыртқы қарыздарды өтейтін уақыт келді. Қаржы министрлігі биыл еурооблигациялар бойынша 2,5 млрд доллар төлеуі қажет.

“Ұлттық валютаның әлсіреуі базар нарқына біраз уақыттан соң әсер етеді. Бұл фактор 17 қаңтарда Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 15,25% деңгейінде сақтауына ықпал етеді”, - деп түсіндірді сарапшылар.

Респонденттердің болжамы бойынша, бір жылдан кейін базалық мөлшерлеме 14% деңгейінде болады. Бұдан бөлек, сарапшылар Қазақстанның ЖІӨ өсіміне қатысты болжамдарын 4,3%-ға дейін төмендетті.

13 қаңтар күні доллар тағы қымбаттап, ұлттық валюта құнсызданды. Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықта доллар бағамы орта есеппен 1,83 теңгеге қымбаттап, 528,71 теңгені құрады.

Бұған дейін Ұлттық банк сауалнамасына қатысқан сарапшылардың болжамы да көңіл көншітерлік болмаған еді.

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Как настоящее ремесло может вернуть себе рынок?
Новый Евразийский совет открывает глобальные площадки для настоящих мастеров
Ормуз снова горит: один снаряд у Катара - и мир снова считает цену нефти
Даже небольшой удар по судну у берегов Катара вновь напомнил миру, насколько хрупкой остается безопасность главного энергетического маршрута планеты
Десятки обманутых: как продавали несуществующие квартиры в Алматы
Попцов получил 10 лет, но потерпевшие требуют привлечь Асель Садыкову
Мурат Абдушукуров: Высшая форма патриотизма – посвятить жизнь служению Родине
Во время Кантара ветераны Афганистана и локальных конфликтов организовали охрану больниц и патрулирование в Алматы
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай