Қазақстанда базар азайып, дүкен көбейіп келеді

1485 просмотров
0
Ратель
Суббота, 21 Июн 2025, 12:00

Елде 70 мың дүкен бар

Нысандардың 2 мыңы желілік сауда орны, қалғаны үй маңында орналасқан дүкендер. Бұлардың бөлшек саудадағы үлесі 34 пайызға жетті. Бір жарым миллион қазақстандық осы сауда саласында еңбек етеді. Олардың басым бөлігі бөлшек сауданың арқасында нан тауып отыр, деп хабарлайды 24.kz.

Дүкендер саны одан әрі де көбейіп келеді. Сол себепті сауда саласындағы қызметкерлер саны да арта түсері анық. Ал сауда базарлары керісінше азайып жатыр. Базарлардың орнын мамандандырылған дүкендер мен супермаркеттер басқан.

Елде базарлар азайып, дүкендер мен супермаркеттер көбейіп келеді. Биыл қаңтар-мамыр аралығында 344 нысан салынды. Бұл былтырғы бес айдан екі есе көп. Оның ішінде 68 мамандандырылған дүкен мен 45 супермаркет бар. Сондай-ақ 113 шағын дүкен, 5 жабық базар мен 10 автоорталық тұрғызылды. 

Сауда нысандарының құрылысы:

  • 68 мамандандырылған дүкен
  • 45 супермаркет
  • 113 шағын дүкен
  • 5 жабық базар
  • 10 автоорталық 
Читайте также
Қызылордада жарық жиі өшетін болды

Ал базар саны жыл санап кеміп келеді. Былтыр елде 626 базар тіркелді. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 18 базарға аз. Жалпы, кейінгі бес жылда 18,2 пайызға кеміді. Базарлардың 70 пайызға жуығы қалада орналасқан. Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, ең көп базар Түркістан облысында. Аймақта 106 базар жұмыс істеп тұр. Базары ең аз өңір Ұлытау облысында 7 базар бар. Бүгінде елде базарларды жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр.

Сауда базарының саны

  • Барлығы – 626
  • Қалада – 69,2%
  • Түркістан облысы – 106
  • Ұлытау облысы – 7 

- Базарларды жаңғырту – бірінші кезекте бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі екенін ескеру қажет. Модернизиция тек сатып алушылар үшін ғана емес, сатушылар үшін де қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасайды. Әкімдіктер мен аумақтық сауда департаменттері жаңғырту шараларын уақтылы әрі сапалы жүргізіп, модернизацияға кедергі келтіретін түйткілді мәселелерді жою жұмыстарын күшейтуге тиіс, - дейді ҚР СИМ Сауда комитетінің төрағасы Айдар ӘБІЛДАБЕКОВ.

4 жылда 156 базар қайта салынды

Базарларды жаңғырту 10 жыл бұрын басталған еді. 2020 жылға дейін ашық базарларды шыны мен бетоннан қайта салу міндеттелді. Дегенмен, пандемия бұл жоспарға кедергі келтірді. Және көптеген базар иелері бұл шығынды қалталары көтермейтінін айтып шағымданған еді. Сондықтан берілген мерзім тағы бес жылға шегерілді. Яғни биылғы жылдың соңына дейін облыстардағы базарлар жабық ғимараттарға көшуге тиіс. Жалпы, кейінгі 4 жылда 156 базар жаңғыртылды. Бүгінде сауда базарларын жаңғырту жөніндегі 2025 жылға дейінгі жол картасы бекітілді.

- Әкімдіктер тарапынан бақылаудың жеткіліксіздігінен, пандемия кезінде құрылыс материалдарының қымбаттауы секілді бірқатар объективті себептерге байланысты базарларды жаңғырту жұмыстары мерзімінде аяқталған жоқ. Нәтижесінде, жаңғырту мерзімі екі рет ауыстырылды. Бүгінгі таңда барлық сауда базары үшін жаңғыртудың бірыңғай мерзімі 2025 жылғы 31 желтоқсаны болып заңнамамен белгіленген, - деп қосады ҚР СИМ Сауда комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабеков.

Читайте также
Алматыда “Арыстан” базары сүріліп жатыр

Биыл 100 базар жаңғыртылады

Биыл 100 сауда базарын жаңғырту жоспарланған. Батыс Қазақстан облысында ең көп базар қайта жөнделеді. Аймақта 14 нысан жаңартылуға тиіс. Бұдан кейін Алматы облысында – 11, Алматы қаласында – 10 және Түркістан облысында 8 базар жаңадан салынады. 

Сауда базарларын жаңарту:

  • Барлығы – 100
  • Батыс Қазақстан облысы – 14
  • Алматы облысы – 11
  • Алматы қаласы – 10
  • Түркістан облысы – 8   

Жаңғырту жұмыстары жеке инвестиция есебінен жүргізіледі. Сауда заңнамасына сай базарлар онлайн төлем аппараттарымен жабдықталуы керек. Санитарлық және өрт қауіпсіздік талаптары ескерілуі шарт. Және Сауда нысанының өз аумағында көлік тұрағы болуға міндетті. Ал белгіленген мерзімге дейін үлгермеген кәсіпкерлер әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Жалпы Ұлттық даму жоспары бойынша 2029 жылға дейін заманауи сауда форматы үлесін 70 пайызға жеткізу көзделген.

Фото: 24.kz.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Регистрация для комментариев:



Вам отправлен СМС код для подтверждения регистрации.




Депутат мажилиса
Я за стабильность. Именно за настоящую, а не декоративную. Но стабильность – это не когда одних и тех же лиц пересаживают из кресла в кресло. Это не стабильность, это круговорот должностей в природе. Если после такого резонансного скандала люди без публичной оценки, без внятных выводов снова оказываются в системе, это говорит не об устойчивости, а о том, что ответственность у нас всё ещё носит временный характер. Сегодня ушли, завтра вернулись. Стабильность так не строится, - опубликовано на Informburo.kz
Политолог Марат Шибутов: «Боюсь, со СМИ уже у нас покончено»
Или что скрывается под прессом уголовных преследований на журналистов
Для Казахстана, Кыргызстана и Таджикистана ОДКБ – механизм, призванный предотвращать внутреннюю дестабилизацию
Для Минска ОДКБ выступает институтом, укрепляющим военно-политическое сближение с Москвой
Как построить демократию без хаоса
Гражданское общество, партийное строительство, национальный Курултай
Повышение Балаевой: гуманитарный блок получает расширенные функции
Назначение министра культуры и информации вице-премьером вписывается в обновлённую архитектуру внутренней политики
КазМунайГаз – аэропорты Казахстана не готовы к переходу на «зелёное» авиатопливо
До чего довели дискуссии вокруг возможного перехода с традиционного авиационного топлива на SAF
Предложить США ничего не могут, а для России и Китая ставки слишком высоки
Экспертная оценка встречи Дональда Трампа с Си Цзиньпином в Южной Корее
Как Кайрат Нуртас провел 10 лет между двумя концертами на стадионе
От вступления в партию «Нур Отан» до свадьбы на Мальдивах и пятнадцати суток ареста
Станет ли озеро Балхаш зоной туризма?
В Карагандинской области создают туристическую индустриальную зону
Кто изгнал стаи ворон из Алматы?
Живописный Казахстан: взгляд Андрея Михайлова
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
От запрета фонограмм до аттестации школ
Почему гуманитарная реформа рискует остаться на бумаге
КНР в Центральной Азии: инвестиции или долги?
Китай предлагает региону новую модель экономики
КазМунайГаз – аэропорты Казахстана не готовы к переходу на «зелёное» авиатопливо
До чего довели дискуссии вокруг возможного перехода с традиционного авиационного топлива на SAF
Роберт Зиганшин: «У каждого маньяка – своя мелодия»
Автор музыки к нашумевшему сериалу «5:32» о кино, деньгах и вдохновении
Три больших трека в сотрудничестве Казахстана и США
Для казахстанской стороны критически важно, чтобы санкции не были барьером