Олардың арасында 458 бала бар
Елімізде қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 9 162 адам емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Олардың арасында 458 бала бар. Стационарларда 3 041 науқас жатыр. 6 121 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 217 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 22 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 23 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
Фото: REUTERS.