Қазақстанда 118 мың тонна ұн қоры бар

1824 просмотров
0
Ратель
Понедельник, 11 Апр 2022, 17:15

Сонымен бірге, Азық-түлік корпорациясы ресурстарында 800 мың тоннадан астам астық бар, олар қажет болса жағдайды тұрақтандыру үшін ішкі нарыққа жіберіледі

ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек САПАРОВ Қазақстанда қанша ұн қоры сақталғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Читайте также
Қазақстан шекаралас елдермен арадағы шектеулерді алып тастады

"7 сәуірдегі жағдай бойынша елдегі ұн қоры 118 мың тоннаға жетеді, оның ішінде: тұрақтандыру қорларында - 10,4 мың тонна, «айналым схемасы» аясында – 22 мың тонна, өндірушілерде – 48,6 мың тонна, қоймаларда – шамамен 20 мың тонна және сауда объектілерінде – 18 мың тонна бар. Аталған көлем ішкі қажеттілікті қамтамасыз етуге толық жеткілікті", - деді А. Сапаров орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен бірге, Азық-түлік корпорациясы ресурстарында 800 мың тоннадан астам астық бар, олар қажет болса жағдайды тұрақтандыру үшін ішкі нарыққа жіберіледі.

"Қаңтар айында өңірлерге әлеуметтік нан үшін бидайды арзандатылған бағамен – 90 мың теңгеге сату жөнінде шешім қабылданған еді. Алайда қаңтар-ақпан айларында еш сұраныс болған жоқ. Тек наурыз айынан бастап өтінімдер түсіп жатыр", - деді Айдарбек Сапаров.

Бұған дейін Астық өңдеушілер одағы елімізде бір жарым аптаға ғана жетерлік бидай қоры қалғанын мәлімдеген еді. Астық өсірушілер мен өңдеушілер бидайды бөлісе алмай дау туғаны, бидай таусылса барлық диірмендер жұмысын тоқтатуға мәжбүр екені айтылған.

Өз кезегінде Айдарбек Сапаров елде ешқандай астық тапшылығы жоқ екенін хабарлады. 1 сәуірдегі жағдай бойынша республикада 6,4 млн тонна астық болған.

Ішкі нарықта тапшылық тудырмау үшін және ұн тартатын кәсіпорындарға жүктемені азайту мақсатында Сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия 15 сәуір мен 15 маусым аралығында бидай мен ұн экспортын квоталау шешімін қабылдады.

Бидай квотасының көлемі – 1 млн тонна, ұн – 300 мың тонна.

Оставьте комментарий

Президент Республики Казахстан о внутренней ответственности общества и государства
- Никто к нам не придет со стороны и не сделает Казахстан лучше вместо нас!
Если у вас нет паранойи - это не значит, что за вами не следят
Почему прослушка перестала быть шпионской экзотикой Жучки, скрытые микрофоны и слежка: как это работает
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Как настоящее ремесло может вернуть себе рынок?
Новый Евразийский совет открывает глобальные площадки для настоящих мастеров
Самые высокие цены на продукты - в Алматы, Мангистауской и Атырауской областях
Почему казахстанцы переплачивают за еду: разница цен на мясо, молоко и курицу между регионами достигла 30%
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай