Қазақстан жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингісінде 35-орынға ие болды

1749 просмотров
0
Ратель
Четверг, 09 Июн 2022, 12:00

Қазақстанның Нидерландыдағы Елшісі Асқар Жұмағалиев Корольдік индустриялық клуб мүшелерін инвестициялау үшін қызықты секторлармен таныстырды

Дипломат Қазақстан бизнес үшін күшті және бәсекеге қабілетті орта құруға ерекше назар аударатынын атап өтті. Өз сөзін растау ретінде ол жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингісін мысалға келтірді, онда Қазақстан 35 орынға ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Читайте также
Қазақстанда ресми түрде үш жаңа облыс құрылды

"Дүниежүзілік банктің соңғы есебіне сәйкес, Қазақстан бизнес жүргізу бойынша 190 елдің ішінде 25-ші орында", - деді А.Жұмағалиев.

Елші салық жеңілдіктері туралы хабарлап, әлеуетті инвесторлардың назарын аударды.

"Мен бұрын айтып өткен қаржылық және экономикалық тұрақтылықтан басқа, ел түрлі салаларда жан-жақты мемлекеттік қолдау ұсынады. Біз корпоративті табыс салығынан, жер салығынан, мүлік салығынан босату және фискалдық емес ынталандыру: жер учаскесі мен инфрақұрылым сияқты салықтық жеңілдіктерді қамтитын инвестициялық жобаларға қолдау көрсетеміз", - деді ол.

Дипломат сондай-ақ инфрақұрылым мен инвестициялық преференциялардың кең спектрін ұсынатын бүкіл Қазақстан бойынша орналасқан 13 арнайы экономикалық аймақ, 36 өнеркәсіптік аймақ туралы айтып өтті.

А.Жұмағалиев атап өткендей, Қазақстанда Еуразиялық экономикалық одақ елдерін, Қытай мен Каспий бассейнін қоса алғанда, миллиардтан астам тұтынушылардың нарыққа тікелей қолжетімділігі бар. Сонымен қатар, елде көлік инфрақұрылымы жақсы дамыған.

"Менің ойымша, бұл себептер Қазақстанның инвесторлар үшін неліктен тартымды екеніне жауап бола алады. Сондықтан Нидерланд Қазақстандағы бірінші нөмірлі шетелдік инвестор деп ойлаймын. Патшалық біздің елге 105 миллиард доллардан астам инвестиция салды", - деп түйіндеді ол.

Корольдік клуб мүшелері преференциялардан басқа, кадр мәселелері, ағылшын тілін меңгеру деңгейі, Қазақстанның климаттық ерекшеліктері және елде жүргізіліп жатқан реформалар туралы алаңдады. Асқар Жұмағалиев референдум, оны өткізу нәтижелері және Конституцияға енгізілетін түзетулерге әкеп соқтыратын өзгерістер туралы да хабардар етті.

Фото: aa.com.tr.

Оставьте комментарий

Президент Республики Казахстан о внутренней ответственности общества и государства
- Никто к нам не придет со стороны и не сделает Казахстан лучше вместо нас!
Если у вас нет паранойи - это не значит, что за вами не следят
Почему прослушка перестала быть шпионской экзотикой Жучки, скрытые микрофоны и слежка: как это работает
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Как настоящее ремесло может вернуть себе рынок?
Новый Евразийский совет открывает глобальные площадки для настоящих мастеров
Самые высокие цены на продукты - в Алматы, Мангистауской и Атырауской областях
Почему казахстанцы переплачивают за еду: разница цен на мясо, молоко и курицу между регионами достигла 30%
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай