Қазақстан трассаларында жаңадан 4 медициналық-құтқару пункті ашылады

1936 просмотров
0
Ратель
Воскресенье, 17 Апр 2022, 12:00

Қазір елде 40 трассалық медициналық-құтқару пункті жұмыс істейді.

ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов жаңа трассалық медициналық-құтқару пунктерін іске қосу жоспарларын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Жолдардың апатты-қауіпті учаскелерін шұғыл медициналық көмекпен қамту деңгейін арттыру мақсатында 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру шеңберінде 4 жаңа трассалық медициналық-құтқару пунктерін (Атырау – 2, Ақтөбе, Жамбыл облыстарында – 1) құру жоспарлануда", - деп жазды Ә. Смайылов депутаттық сауалға берген жауабында.

Читайте также
Таразда полиция жоғалған 3 баланы тапты

Оның айтуынша, қазір елде 40 трассалық медициналық-құтқару пункті жұмыс істейді. Олардың әрқайсысында арнайы медициналық техникамен, медициналық мүлікпен, апатты-құтқару жабдықтарының жиынтығымен жарақталған реанимобиль бар.

ТМҚП-ның барлық қызметкерлері бұрын "Саламатты Қазақстан" (2011 – 2015 жылдары) және "Денсаулық" (2016 – 2019 жылдары) мемлекеттік бағдарламалары арқылы қаржыландырылса, 2020 жылы Төтенше жағдайлар министрлігінің штат санының лимитіне енгізілді және "Апаттар медицинасы орталығы" ММ қызметкерлері болып бекітілді.

Бастапқы кәсіптік даярлықтан өту барысында болашақ полиция қызметкерлерін алғашқы медициналық көмек, оның ішінде жол-көлік оқиғасы кезінде көмек көрсетудің базалық негіздеріне оқытады. Жұмыс істеп жүрген патрульдік полиция қызметкерлеріне ІІМ оқу орталықтарында тұрақты түрде біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылады.

Патрульдік автомобильді жинақтау тізбесіне (ІІМ-нің 2019 жылғы 1 қаңтардағы № 737 бұйрығы) кеңейтілген дәрі-дәрмек жинағы бар кәсіби медициналық қобдиша, өрт сөндіргіш, өртке қарсы төсеме, құтқару шеңбері, кеудеше және арқан (суда құтқаруға арналған), сондай-ақ альпинистік құтқару арқаны кіреді.

Бұдан басқа, трассалық медициналық-құтқару пунктерінен шалғай жерлерде патрульдеу орындарында полиция автоэкипаждары металды кесуге арналған қолға алып жүретін апатты-құтқару құралдарымен қосымша жарақталады.

Оставьте комментарий

Депутат Курултая:
«Статус врача – это вопрос биологической и национальной безопасности»
Аваза-2026: Евразия учится считать не подписанные документы, а результаты
Цифровые коридоры, сеть СЭЗ и кибербезопасность вошли в число ключевых тем двух саммитов в Туркменистане
После землетрясения в Алматы: почему нельзя покупать и продавать недвижимость на эмоциях
Как страх меняет спрос на квартиры и дома, влияет на цену сделки и может стоить собственнику или покупателю миллионов тенге
Когда «нет» перестают слышать
Адвокат Асқат Сулубек о границе между заботой и насилием, отношениями и контролем, вниманием и преследованием
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
Как отличить послеродовой психоз от депрессии и когда необходима срочная помощь – мнение специалиста
Дружба, ставшая искусством: Мари‑Пьер Лере выступит в Алматы в память о Денисе Тене
Сбой «Яндекса» в Казахстане – вопрос может выйти на уровень Совета безопасности
В распоряжении Ratel.kz оказался документ о национальной безопасности Казахстана, предположительно адресованный Роману Скляру
Токаев и новая геометрия Казахстана: Берлин, средняя держава, Совбез и общественный контроль
Виталий Колточник - о внешней политике Казахстана, новом Совбезе и перестройке государства
«Мүсіндер» в Almaty Museum of Arts: как казахстанская скульптура рассказывает нашу историю
Скульптура – это то, обо что вы спотыкаетесь, когда отходите назад, чтобы рассмотреть картину
Совет Безопасности становится вторым стратегическим контуром Президента Токаева
Тандем Карин - Балаева в этой конфигурации один из центральных элементов новой политической архитектуры
Город будущего построят в Алатауском районе Алматы
Что увидели журналисты во время пресс-тура по району
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай