
6 мемлекет Қазақстаннан мұнай сатып алуды мүлде тоқтатты
ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің деректері бойынша, 2025 жылдың I тоқсанында шикі мұнай экспорты төмендеді:
көлемі бойынша – 14%-ға,
қаражат бойынша – 21%-ға, яғни $8,6 млрд-қа дейін.
Ең ірі құлдыраулар:
Қытай: -82%
Сингапур: -74%
6 мемлекет Қазақстаннан мұнай сатып алуды мүлде тоқтатты (Оңтүстік Корея, Үндістан, Ұлыбритания, Хорватия, Польша және Бруней).
Тоқсанды кім “сүйреп шықты”:
Испания: +180%
Болгария мен Әзербайжан: күрт өсім.
Жаңа нарықтар: Египет пен Багам аралдары.
Өндіру көлемінің өсуіне қарамастан, экспорт баяу жүріп жатыр. Азия бағыты – тұралап тұр.
Негізгі себептерін бұған дейін де талдаған екен, бірақ қорытынды бір: Баға, маршруттар мен көлемдер – бәрін геосаясат шешеді.
Дәл осы геосаясат баға жағдайына да, экспорт географиясына да негізгі ықпалын жалғастырып отыр.
Дереккөз: Tengenomika дейтін telegram-канал.
Аударған А.Олжаев.
Фото: REUTERS / Shamil Zhumatov.
ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!